ШИЕЛІДЕ ЕКІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

123

0

ШИЕЛІДЕ ЕКІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫАптаның
сенбісі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына іссапармен келіп, бірқатар
әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады. Сапар кезінде халықпен
жүздесіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын
міндеттер туралы ой бөлісті.

Аудан орталығындағы №270 орта мектебі
өткен жылы ғана жаңа­дан ашылып, пайдалануға беріл­ген білім ордасы. Тұрғылықты
ха­лық санының өсуі және аудан ор­­талығындағы тұрғын үй ме­кен­дерінің кең
қанат жая бастауы­­на байланысты салынған мектеп расында көптеген түйткілді мә­селелердің
шешілуіне оң ықпал етті. Білім ордасының балалардың сыйымдылығы мәселесін шешумен
қатар, ұстаздардың талапқа сай оқытуына, жаңа технологияларды тиімді
пайдалануына игі әсер еткені аңғарылды. Жаңа ғимаратта спорт залы, акт залы
және асханасы бар. 600 балаға арналған аталмыш білім ордасында нақты кезеңде
353 оқушы 20 сынып комплектісінде оқып жүр.

Облыс әкімі осы сапар барысында
«Мия-Шиелі» серіктестігіне қарасты мия өсімдігі тамырын өңдейтін зауытты іске
қосты. Жобалық құны 612 млн. теңгені құрайтын зауыттың жылдық қуаттылығы
250-300 тонна. Онда мия тамырын өңдеп, одан ұнтақ шығару жұмыстары жүргізіледі.
Ал ұнтақты медицина саласында кеңінен қолдануға мүмкіндік мол екендігі белгілі.
Зауыт құрылысын жобалаушылардың бірі Нұрымжан Сопбеков әкімге жұмыс үдерісі
туралы егжей-тегжейлі баяндап, мұнда келешекте 50 жаңа жұмыс орны ашылатындығын
жеткізді. Осыдан кейін аймақ басшысы ресми түрде зауытты іске қосты.

– Мия тамырын өңдеп, өнеркәсіпке
қолдану – пайда көзінің бірі. Бұл Сыр
өңірінің өзіндік табыс көзі болып қала береді. Дегенде, өнімді өңдеу мен оны
өсіру жұмыстары да қатар жүйелі жүргізілуі керек, – деді Қырымбек Елеуұлы.

Зауыттың ашылу салтанатында сөз алған
Ақмая ауылдық ардагерлер кеңе­сі­нің төрағасы Кенжетай Палмағанбетов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы жамағат
арасында үлкен серпіліс ту­ғы­зып, оны орындау жолында жергілікті жерлерде
ізденісті жұмыстардың жүр­гізіліп жатқандығын тіл­­ге тиек етті. Сонымен бір­ге
шеткі аймақтардың өзін­де көптеген әлеуметтік ны­сандардың салынуы және өндіріс
орындарының ашылуы нәтижесінде елдің тұрмыстық жағдайының көтерілгендігіне
қанағаттанғандық сезімін білдірді.

ШИЕЛІДЕ ЕКІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫОсы күнгі сапары кезінде Қырымбек
Көшербаев Қара­­тау бөктерінен әк шы­ғара бастаған «Шиелі тас- Оңтүстік»
серіктестігі зауыттың жұмысымен таныс­ты.
Жергілікті шикізаттарды пайдалана отырып, құрлысқа қажетті заттарды
шығару шынында тиімді. Біріншіден өнім арзан болса, оларды шетке шығару арқылы
да қыруар пайда табуға болады. Әрі бұл Мемлекет басшысының индустриялық- инновациялық жобаларды
жергілікті жерде тиімді жүзеге асыру тапсырмасының орындалуының нақты көрінісі
болмақ. Яғни, табыс көзімен қатар тұрғындардың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз
етілуіне жол ашылады деген сөз. Жалпы құны 777 млн. теңге болатын әк зауыты
толықтай іске қосылғанда мұнда 84 адам еңбек ететін болады. «Шиелі-тас-
Оңтүстік» ЖШС директоры Ермек Хасанаевтың мәлімдеуінше, әктен өзге бұл жерде
силикат кірпіштер де шығарыла бастайды. Оның жобалық құны 602 млн. теңгеге
бағаланып отыр. Бір жылда 15 млн. кірпіш шығаратын зауытта алпысқа тарта адам
еңбек ететін болады. Яғни, аталмыш жобаның құндылығы да жоғары, аймақ
өндірісіне қосатын үлесі де мол деген сөз. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа
өндіріс жұмысын жүйелеу бағытында өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына
сәттілік тіледі. Ардагерлер атынан сөз
алған байырғы құрылысшы Мүтәліп Жантөреев облыс басшысына жерлестері атынан
алғысын білдірді.

Ия, өркендей бастаған елімізде күнде ел
сүйсінер жарқын істер молшылық. Со­лардың қатарында Шиелі ауданындағы бір білім
орда­сындағы жарқын іс пен екі бірдей өндіріс орнының өнім өндіруге кірісуі
соның дәлелі десек артық емес.

Нұрмахан Елтай.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз