ШІРКЕУДЕ ЖөНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

45

0

Сенбі күні аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс орталығындағы «Қазан Құдай Ана иконасы” православтық шіркеуінде болып, жөндеу жұмыстарымен танысты.

Орыс православтық шіркеуі тарихи-архитектуралық және мәдени ескерткіштер қатарына жатады. 1865 жылы салынған көне кешенге биыл қайта жөндеу, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарына «Игілік” қоры арқылы 12, 8 млн. теңге бөлінді.

Ескерткіш кешеннің ағымдағы жөндеу жұмыстарын «КазРеставрация” мекемесінің облыстық филиалы жүргізіп жатыр. Ал, шіркеу ауласын абаттандыру, алаңы мен жолдарына қалақ тас төсеу және жарықтандыру жұмыстарымен «ЮгСанТехМонтаж” мекемесі айналысуда.

Сондай-ақ, протоиерей Ви­талий­дің айтуынша, шіркеу келушілеріне арналып салынып жатқан қонақ үй алдағы уақытта толықтай аяқталады.

 

Нұрбек Сағадат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз