ШЫНЫ ЗАУЫТЫНА ИРАН ИНВЕСТИЦИЯ САЛАДЫ

43

0

Қазақстан мен
Иран бірлесе іске асыратын нақты жобаларды бірі – Қызылордадан салынатын шыны
зауыты. Бұл туралы Иран Ислам
Республикасының Президенті Хасан Руханидың қатысуымен өткен кеңейтілген
құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Инвестициялық байланыстарды кеңейту
мәселесіне тоқталған Елбасы «Иран елінің қатысуымен бірталай инвестициялық
жобалар іске асырылатын болады»,- деді.

Мысалы, Қызылорда облысында шыны
зауытының құрылысы, Қостанай облысында глиназем өндіру, Қарағандыда
гидрометаллургия зауыттарын салу жобалары қарастырылды.

Екі ел арасында Каспий теңізі арқылы
своп жүйесімен мұнай айырбастау, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты дамыту,
еліміздің батыс облыстарымен Иран провинцияларының арасындағы қарым-қатынас,
ғылыми-техникалық, ақпарат салаларында да бірлескен жұмыс жанданатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз