ШЫРАЙЛЫ КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ

44

0

Ұлт пен ұрпақтың бесігін тербетіп, тәрбиесін түзейтін, тіліміз бен ділімізді санамызға сіңіретін Ана деген құрметке ие ардақты жандарға арналып Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында салтанатты шара өтті. Тыныс-тіршілігімізге нәр берген күн шұғылалы көктем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне аймақтың әр жерінен «Батыр аналар”, қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген қыз-келіншектер қатысты.  
«Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында” деген қанатты сөз әлемді билейтін де, тербейтін де Әйел – ардақты апа, аяулы ана, асыл жар, арлы қарындас. Әйел – отбасының ұйытқысы, бала тәрбиесінің бағбаны, тіршіліктің тұтқасы.
Салтанатты шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев, аяулы аруларды құттықтап, лебізін білдірді.
– Қазіргі таңда әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлесі өлшеусіз. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, мәдениет саласындағы олардың еңбегі зор. Ең бастысы, әйелдер қай салада қызмет етпесін, сол саланы дамытып, нығайтуға ерекше үлес қосып, көпшілік құрметіне бөленіп келеді. Көктемнің шұғылалы мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, – деді аймақ басшысы.
Кешке арнайы келген А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училище шәкірттері композициялық өнерлерін көрсетіп, рухани ләззат сыйлады. 
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз