“СӘНДІ НӨМІРЛЕР” САУДАҒА ТҮСТІ

67

0

Үстіміздегі жылдың 20 қазанынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР заңы күшіне енді.

Заңға сәйкес, енді жоғары сұранысқа ие нөмірлерді ММ (мемлекеттік мекемелерден) басқа, кез келген Қазақстан азаматы сатып ала алады. Бұл үшін жүргізушілер ОІІД-і ӘПБ-сы ТЕЖ (тіркеу-емтихан жұмысы) бөліміне баруы тиіс. Аталған заңға сәйкес автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200,
222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмір бергені үшін – айлық есептік 1852 тг. Көрсеткіштен 13700 пайыз (ақшалай баламасы 253 мың 724 теңге) немесе цифрлық белгіленуі 001, 002, 003,
004, 005, 006, 008, 009, 777 мемлекеттік нөмірі белгілерін бергені үшін – айлық есептік 1852 тг. көрсеткіштен 22800 пайыз (ақшалай баламасы 422 мың 256 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж белгіленген.

Мемлекеттік баж мөлшерлемесі өзге елдердің тәжірибесін зерттеу және қазақстандықтардың нөмірді сатып алу мүмкіндіктерін ескеру негізінде белгіленіп отыр. Беделді нөмірлер үшін мөлшерлемені ұлғайтуды енгізу жемқорлық деректерін азайтып, ел бюджетін толтыруға мүмкіндік береді.

Әнуар НАҚЫП,

ОІІД ӘПБ тіркеу емтихан жұмысының аға инспекторы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз