СОТ КАБИНЕТІ – ЖАҢА ЖОБА

46

0

Облыстық сот кеңсесінің
ұйымдастыруымен «Сот кабинеті” тақырыбында өткен басқосуға соттардың кеңсе
меңгерушілері мен бөлім басшылары қатысты. Жиынға сондай-ақ Қазақстан Заңгерлер
одағы облыстық филиалының жауапты хатшысы мен мүшелері, өз біліктіліктерін
тәжірибеде жүзеге асырып жүрген заңгерлер мен нотариустар, адвокаттар, әділет
және салық департаменттерінің өкілдері арнайы шақырылды.


Республика судьяларының VІ съезінде Елбасы әділ сот төрелігінің халықтың барлық
топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды
ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын, – деді семинарды жүргізген
облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Азамат Жұмамұратов. – Міне, бүгін өздеріңіз
көріп отырғандай, жеке және заңды тұлғалар үшін сот жүйесіне қолжетімділікті
арттыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті” ақпараттық жүйесі іске
қосылып отыр.

Бұдан
былай әркім ақпараттық сервистердің арқасында үйлерінде отырып-ақ ғаламтор
арқылы сот құжаттарымен танысу мүмкіндігін пайдаланатын болады.

Жиын
барысында қатысушылар назарына арнайы слайдпен дайындалған ақпараттар ұсынылып,
хабарламалар жасалды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз