СОТ ТӨРЕЛІГІ ТАРАЗЫҒА ТҮСТІ

43

0

Облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбековтың төрағалығымен өткен жиында облыс соттарының алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстары қорытындыланды.
Басқосуда облыстық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Смағанбетова хабарлама жасады. Хабарламашының айтуынша, азаматтық істер бойынша аудандық және оған теңестірілген  соттар өндірісіне 4462 талап арыз түскен. Негізінен 3861 іс өндірістен аяқталған десек, оның 2128-і шешім шығару, 470 іс ұйғарым қабылдау арқылы аяқталған. Бұдан басқа бұйрық арқылы іс жүргізу санатында қаралған арыз 619-ды құрайды. Есепті кезеңде қаралған істер бойынша қабылданған сот актілерінің 94,5 пайызына апелляциялық шағым немесе наразылық келтірілмеген. Ал апелляциялық тәртіппен қаралған отыз сегіз ұйғарымның жиырма алтысы өзгеріссіз қалдырылған. Қаралған істер негізінен некеден ажырату және алимент өндіру, ерекше талап қоюмен іс жүргізу, келісім-шарт міндеттемелерінен туындайтын даулар.
Өткен үш айда аудандық және оған теңестірілген соттарға 4169 әкімшілік іс түсіп, 3226 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылса, алты жүз адамға қатысты істер қысқартылған. Қаралған істердің жартысына жуығы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиесілі болса, одан кейінгі орындар Арал, Қазалы, Шиелі аудандық соттарының үлесінде.
Қылмыстық істер  бойынша алғашқы тоқсанда үш жүз тоқсан адамға қатысты үш жүз жиырма алты іс қаралған. Оның ішінде екі жүз алты адамға қатысты жүз елу сегіз іске үкімдер шығарылса, жүз сексен үш адам жөніндегі жүз елуден астам іс өндірістен қысқартылған. Сонымен бірге, заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес халде жасаған бір адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылса, бес адамға қатысты бір іс қосымша тергеуге жолданған. Сондай-ақ «Медиация туралы” Заң аясында медиаторлардың қатысуымен отыз бес қылмыстық іс қаралып, сотталушылардың жәбірленушілермен татуласуына байланысты өндірістен қысқартылған.
***
Қызылорда қалалық сотының өндірісіне биылғы бірінші тоқсанда азаматтық және қылмыстық істерді қосқанда 1869 іс пен арыз түскен болса, оның жүз жетпіс алтысы қылмыстық, қалғандары азаматтық істер мен талап арыздар екен. Әсіресе, азаматтық істер тоқсан пайыздан асып жығылады. Бұл көрсеткіштерді өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырар болсақ, қылмыстық істер сәл де болса азайғанымен, керісінше азаматтық істер бес жүздің үстінде көбейіп кеткен.
Алдымен азаматтық істерді қарау сапасына тоқталсақ, жеті жүз алпыс екі іс шешім шығару арқылы қаралып, оның бес жүз тоқсан алтысы қанағаттандырылса, жүз жиырма іске сырттай шешім қабылданып, қанағаттандырылған.
Қылмыстық істерді қарау жайына зер салсақ, статистикалық мәліметтер бойынша жүз сексен адамға қатысты жүз қырық бір іс өндірісі аяқталған. Оның біреуіне медициналық мәжбүрлеу шарасы қолданылған. Есеп беріліп отырған мерзімде тоқсан адам сотталған болса, оның отызына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған. Осы аралықта үш жеке айыптау материалы түсіп, біреуі өндіріске қабылданса, екеуінен өндіріске қабылдаудан бас тартылған. Қозғалған жеке айыптау ісі бойынша үкім шығарылып, сегіз адам ақталған.
Қызылорда қалалық сотында өткен үш айда қаралған қылмыстық істер ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген процессуалдық мерзімдері сақталып, қаралған.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз