СОТ ЖYЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАНЫҚТЫ

31

0

Облыстық сотта өткен «Ашық есік» күнінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Құқықтану» факультетінің бірінші курс студенттері тағылымдамадан өтті.
Облыстық сот пен Сыр білімінің қара шаңырағы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында бірқатар шаралар атқарылуда. Соның дәлеліндей, екі жақты келісім-шарт негізінде студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, сот билігі жүйесіндегі жаңашыл бастамаларға қаныға түсуде. Болашақ заңгерлер былтыр судьялардың қатысуымен сот процестерін жүргізіп, білікті мамандардың ақыл-кеңестерімен тәжірибе жинақтаған болса, аймақтық оқу орталығының қолдауымен бұл үрдіс биыл тағы да жалғасын тапты.
Жас құқықтанушылар бұл күні сот мұражайында болып, сот тарихынан сыр шертетін құжаттармен, басқа да құнды дүниелермен танысты. Облыстық соттың судьясы, оқу орталығының үйлестірушісі Алмат Ерманов оларға соттардың атқаратын қызметі мен жүктелетін міндеттерін түсіндіріп, алқа билердің қатысуымен сот ісін жүргізу ерекшеліктерін баяндап берді.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз