СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ

89

0

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ

Әне-міне дегенше, оқу жылы аяқ­талып, мектеп бітіруші жас түлектердің тағы бір легі алтын ұя мектептерінен қанат қақты. Осыған орай, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев сенбі күні№101 орта мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.

«Құрметті жас достар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгін ерекше күн, себебі,
сіздер білім нәрімен сусындаған алтын ұяларыңызбен қоштасып, болашаққа қадам
басып жатырсыздар. Биыл облыс бойынша 7064 оқушы мектеп бітіруде. Өздеріңіз
білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30 өркениетті елдің қатарына кіруді
алдымызға мақсат етіп қойып отыр. Біз «Мәңгілік елді» құруымыз керек. Оны іске
асыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан ең алдымен денсаулық, білік пен білімді
игеретін қажырлы қайрат тілеймін. Ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың үмітін
ақтап, кіші Отандарың – Сыр елінің мақтанышы болыңыздар», – деген облыс
әкімі мұнан әрі түлектерді мамандық
таңдауда қателеспеуге шақырды. Сондай-ақ, өңір дамуына ерекше тоқталып өтті.
Яғни, жастарға облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі
стратегиясының қабылданып, оның ішінде облысымызда өндіріс орындарының
жетіспейтіндігін, алдағы уақытта ашылатын өндірістерге қажетті маманның
керектігін баса айтты.

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ«Жалпы аймағымыздың білім саласында алға ілгерілеушілік бар. Мәселен,
соңғы екі жылда білім саласына бөлінетін қаржы көлемі 2,5 есеге артты.
Жастардың келешегі үшін облыс әкімінің 300 гранты тағайындалып отыр. Жуырда 150
жас қызылордалық тест тапсырып, Мәскеу институтында тегін оқуға мүмкіндік
алуда. Сонымен қатар, биыл 33 жаңа мектеп салынатын болса, 49 мектеп күрделі
жөндеуден өтетін болады», – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Айта кету керек, аталмыш
мектепті осы жылы 56 түлек бітіруде. Оның 7-і алтын белгіге, біреуі үздік
аттестатқа үміткер. Мектеп бітіруші түлектердің арасында халықаралық білім
бәсекелерінде нәтижелі деңгейде көрініп, жоғары оқу орнының грантын
иеленгендері де бар.

Салтанатты кештің соңғы қоңырауын соғу сәті мектеп бітіруші Меруерт
Тұрсынбай мен Рақымжан Қазбекке және 1-сынып оқушылары Нұрмұхамед Әбдікәрімов
пен Рауғаш Еламанға бұйырды. Кеш барысында ән айтылып, мектеп вальсі биленді.
Осылайша, түлектер өздерінің алтын ұясымен қоштасса, ата-аналар балаларына
білім беріп, тәрбиелеген ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.

 

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз