СТАНДАРТТАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

71

0

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ы Қызылорда филиалы Қызылорда қаласында орналасқан «Электротехнология» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік актілер талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Электротехнология» ЖШС 2003 жылдың 6 тамызында  құрылды. Компания Алматы қаласындағы «KЭИ» ЖШС және Қызылорда қаласындағы «Теплотехникс» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың екі бөлімшесінің бірігуінің нәтижесінде қалыптасқан. Компания Қазақстан Республикасында қызмет көрсету нарығында сенімді  ұстанымға ие болған кәсіпорын.

Компанияның негізгі қызмет түрлері: электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету; электр желілері мен қосалқы станциялардың жұмысы; жарылысқа төзімді электр жабдықтарын жөндеу; іске қосу, баптау жұмыстары; электромонтаждау жұмыстары.

Компанияның даму мақсаты – тапсырыс берушінің талаптарын толық қанағаттандыру.

«Электротехнология» ЖШС-і  2017 жылдың маусым айында өткен «Қазақстанның үздік тауары-2017» көрмесінің аймақтық кезеңінде «Өнеркәсіптік мақсаттардағы үздік тауарлар» номинациясына ие болып, Астана қаласында өтетін республикалық көрменің финалына  жолдама жеңіп алды.

Компания Сапа менеджмент жүйесі (халықаралық стандарт ISO 9001), Экологиялық менеджмент жүйесі (халықаралық стандарт ISO 14001), Өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджмент жүйесі (халықаралық стандарт OHSAS 18001), Энергия менеджмент жүйелері (халықаралық стандарт ISO 50001) стандарттарының талаптарына сәйкес интеграцияланған басқару жүйесін енгізген және осы стандарттардың талаптарына сәйкес үнемі жақсарып отыруды көздейді.

«Электротехнология» ЖШС кәсіпорынын аралау кезінде департамент қызметкерлерімен «Интернет-магазин» ақпараттық жүйесімен қызмет көрсету, нормативті құжаттарды өзектендіру, 2018-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру тәртібі, стандарттау бойынша нормативті құжаттардың мәліметтер базасын қалыптастыру жөнінде кеңестер беріп Кеден одағы және евразиялық Экономикалық одақ  (ЕЭАО)  техникалық регламенттерінің  және басқа да  нормативтік актілер  талаптарын түсіндіріп өтті. Аралау барысында техникалық реттеу, метрология және ЕАЭС техникалық регламенті және т.б нормативтік құжаттардың талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық және тыңғылықты жауаптар берілді.

                                                                       Техникалық реттеу және метрология комитетінің 

                                                                             Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз