Судьялар ант қабылдады

46

0

Облыстық соттың жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Ардақ Смағанбетованың хабарлағанындай, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Қызылорда қалалық сотына Зәбира Абы­лайқызы мен Меруерт Тоғызбаева, Арал ау­дандық сотына Данияр Мұратбекұлы, Жаңақорған ау­дандық сотына Бақытбек Елшібеков, Қызылорда қа­лалық мамандандырылған әкімшілік сотына Алуа Байболатова мен Сәуле Өтегенова, Қызылорда облы­сының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қайратбек Біржанов жаңадан тағайындалды.

Облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбеков олар­ға алдағы қызметтерінде сәттілік тіледі.

Бақтыбай СМАЙЫЛҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз