СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

82

0

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Облыс бойынша қаржы полициясы департаменті Қазақстан Респуб­ликасы қаржы полициясы органдарының 20 жыл­дық мерейтойын мерекелеу шеңберінде қалалық ішкі саясат бөлімі және «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп осындай ұранмен акция түріндегі флеш-моб ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – көпшілікті сыбайлас жемқорлықпен күресу процесіне қатыстыру, халық арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және жас­тарды онымен күреске тарту.

Қызылорда қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындарының 60-тан астам студенттері ақ түсті футболкалар киіп, «Біз сыбайлас жемқорлықты жеңеміз!» ұранымен қала көшелерін аралап өтті. Одан кейін қаланың 20 автобусына 4 студенттен бөлініп отырған жастар қаланың әрбір тұрғыны пара алмау және бермеу керектігін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы үндемей қалмау керек екендігін түсіндірді.

Акция барысында қала тұрғындары мен автобус жолаушыларына сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы сұрақтар қойылып, дұрыс жауабын тапқан азаматтарға сыйлықтар таратылды.

 

Аида Жаңабергенова,

облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

департаментінің баспасөз
хатшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз