СЫР ЕЛІНДЕ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛМАҚ

65

0

8-9 қазан күндері Сыр
елінде түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық
дәстүрлі музыкалық өнер фестивалі өтеді деп күтілуде. Оны Қызылорда облысы
әкімдігі мен халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы ұйымдастырып отыр.

Фестивальдің мақсаты түркі тілдес
халықтардың ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара мәдени қарым-қатынас
пен байланысын нығайту, өскелең ұрпақ санасына сіңіру, тілі ұқсас, діні ортақ
елдердің салт-дәстүрлерін, қайталанбас өнері­нің озық үлгілерімен бірге түркі
әлемі­нің әлі зерттелмеген,
өзгеге ұқсай бермейтін бай мұраларымен жұртшылықты таныстыру және кеңінен
насихаттау болып табылады.

Екі күнге созылатын дәстүрлі музыка
мерекесінде бірқатар шаралар өтеді деп жоспарлануда.

– «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр
елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялықкөрмесінен бастау алатын фестиваль аясында, сонымен бірге
фольклортанушы-ғалымдардың, өнер зерттеушілері мен қонақтардың қатысуымен «Қорқыт
ата мұралары –түркі халықтарының рухани қазынасы» тақырыбында халықаралық
ғылыми-теориялық конференция және түркі тілдес елдер мен қазақстандық
өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өткізілетін болады. Айта кету керек,
бұл өнер мерекесіне Қазақстан,
Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Молдова, Ресейдің Татарстан, Алтай,
Якутия, Хакасия, Башқұртстаннан 29 ғалым, фольклортанушы және 36 өнерпаз бен
өнер ұжымдары қатысады. Астанадан «Сарыарқа» ұлт-аспаптар ансамблі,
Қарағандыдан – «Арқа сазы», Алматыдан – «Қобыз сарыны», Қызылордадан «Дидар»
халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері қатысып, өнер көрсететін
болады,– дейді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жанат
Құрамысова.

Жалпы, өнер фестивалі тәуелсіз
Қазақстанның тарихи қалыптасу кезеңіндегі мәдениет пен өнердің, ұлттық өнердің
даму деңгейін, түркі тілдес елдердің ұлттық фольклорын зерделеуге, сонымен
бірге Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасын алыс-жақын шетелдердегі қандастарымызға
паш етуге бағытталмақ.

А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және
Ұлы Дала сазы” халықаралық дәстүрлі музыкалық өнер фестивалінің БАҒДАРЛАМАСЫ

8 қазан (сәрсенбі)

9.30-10.00 – «Тұран және түркіәлемі” ат­тыэтно-археологиялықкөрмесіментанысу. Облыстықмекемелерүйініңмәжілісзалы, 3-қабат.

10.00-11.30 – «Қорқыт ата мұралары – түркіхалықтарыныңруханиқазынасы” аттыхалықаралықғылыми-теориялықконферен­цияныңашылуы. Облыстықмекемелерүйініңмәжілісзалы, 3-қабат.

12.00-13.00 – Конференцияжұмысыныңжал­­ға­сы. Облыстықмекемелерүйініңмәжілісзалы, 3-қабат.

15.00-17.00 – Конференцияжұмысыныңжал­ға­сы, қорытындылау. Облыстықмекемелерүйініңмәжілісзалы, 3-қабат.

18.00-20.00 – Түркітілдеселдердің «ҚорқытжәнеҰлыДаласазы” халықаралықдәстүрлімузыкалықөнерфестивалініңсалтанаттыашылуы. Фестивальғақатысушытүркітілдеселдерменқазақстандықөнерпаздардыңконцерті. Н.Бекежановатындағықазақмузыкалықдраматеатры.

9 қазан (бейсенбі)

18.00-20.00 – Түркітілдеселдердің «ҚорқытжәнеҰлыДаласазы” халықаралықдәстүрлімузыкалықөнерфестивалініңсалтанаттыжабылуы. Гала-концерт. Н.Бекежановатындағықазақмузыкалықдраматеатры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз