«СЫР ТОЛҚЫНЫ» ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШАДЫ

45

0

Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалы дирекциясының және мәдениет бөлімдерінің бірлескен жобасына сай Шиелі және Жаңақорған аудандарында «Сыр толқыны» атты аймақтық жастар фестивалі өткізілді.

Бұл фестивальдің мақсаты шеткі ай­мақ­тардағы талантты жастардың қабілетін ашу мен қатар олардың арасындағы озық шық­қан­дарының облыстық байқауда бақ сынауына жол ашу болып табылады.

Шара шарттарына сай әр ауданда өнерге жақын жастар жиналып, өз туындыларын оқыды. Қазылық жасаған Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының жетекшісі Қар­шыға Есімсейтова, ақын Қатира Жәленова мен Адырбек Сопбековтер үздіктерді саралап, олардың алдыңғы орынға шыққандарына ма­рапат қағаздарымен қатар облыстық мүшәйраға жолдама берді.

Нұрмахан Елтай.

Жаңақорған, Шиелі аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз