СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ДОТАЦИЯСЫЗ ӨҢІРГЕ АЙНАЛДЫ

35

0

аудан
бюджетінің жылдық болжамы сегіз айда орындалды

2014 жылдың 8 айының
қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кірісі 152,3 млрд. теңгені құрады. Бұл
жоспарланған болжамның 109,1 пайызын құрайды. Соның ішінде республикалық
бюджеттен алынатын трансферттер мен несиелерді есептемегенде облыс бюджетінің
өз табысы 47,5 млрд. теңге болды. Тіпті өткен жылдың тиісті кезңімен
салыстырғанда табыс жинау көлемі 2,5 еседен астам немесе 12,1 млрд. теңгеге
өсті. Бұл аймақтың маңызды әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал жасауда.

Үстіміздегі жылы
экономика айналымына барлық қолда бар резервтер жұмылдырылды. Осының негізінде
(облыстық бюджеттен субвенция ұсынылмай) Қызылорда қаласының бюджеті дотациясыз
деңгейде қалыптасты. 2013 жылы оның көлемі 3,6 млрд. теңге болса, 2012 жылы 3,9
млрд. теңге болған еді.

Облыс орталығымен қатар,
2015 жылдан бастап Сырдария ауданының бюджетін де дотациясыз негізде
қалыптастыру жоспарланып отыр. Ауданға субвенция көлемі қазірдің өзінде 2013
жылғы 1,7 млрд. теңгеден үстіміздегі жылы1,4 млрд. теңгеге азайды.

2014 жылдың 8 айында
бюджеттің атқарылу барысы көрсеткеніндей, ауданда өзіндік жеткілікті бюджет
қалыптастыруға барлық алғышарттар қалыптасып отыр. Өзіндік табыстың жылға
жоспарланған болжамы 100,3 пайызға орындалды. Аудан бюджетіне 3,3 млрд. теңге
жиналды. Жыл аяғына дейін қалған 4 ай ішінде қосымша 1,6 млрд. теңге түседі деп
күтілуде. Сырдария ауданы биылғы жылдың өзінде дотациясыз аймаққа айналады.

Облыс орталығына жақын
орналасқандықтан ауданда қала халқының сұранысын қанағаттандыратын өндірістің
барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар.

Облыстық
қаржы басқармасының баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз