«СЫРДАРИЯ» ЛАГЕРI ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

134

0

Кеше Қызылордада «Сырдария” лагерінің ашылу салтанаты болды. Отыз шақты
жыл бұрын құрылған тынығу орнында жыл сайын 1000-нан астам бала тыныға алады.
Балғындардың бос уақытын қызық өткізуі үшін интеллектуалдық, спорттық сайыстар
көптеп өткізіледі.

Лагерьдің есігі 1 маусымнан 23 тамызға дейін ашық. 5 маусымда
әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың, ал 2 маусымда мұғалімдер мен
дәрігерлердің балалары тыныға алады. Қалалық білім бөлімінің басшысы Марат
Аралбаев салтанатты шарада:

– 9 ай бойы оқудан бас көтермей, түрлі пәндерден келетін қиын да
қызықты тапсырмаларды орындап, білім көкжиектеріңізді кеңейттіңіздер. Келесі
оқу жылына жақсы көңіл-күймен, шаршамай барасыздар, лагерьде көптеген достар
табасыздар деп сенемін. Жазғы демалыстарыңыз есте қаларлықтай болып өтсін, –
дей келе, лагерь ұжымына алғысын білдірді.

Айта кетейік, биыл демалыс орнын жөндеуге 3,9 млн. теңге бөлінсе, оның
1,9 млн. теңгесі материалдық базасын нығайтуға жұмсалған.

Нұрбай Шәкімбаев.