СЫРДАРИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

44

0

ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ

 

Салауатты өмір салтын на­си­хаттау, ана мен бала ден­саулығын нығайту мақсатында С.Сейфуллин ауылында «Тола­ғай” атты отбасылық сайыс өтті.

Сайысқа С.Сейфуллин аулы­нан «Ақ көгершін”, Тереңөзек кен­тінен «Қыран”, Қалжан ахун елді мекенінен «Болашақ” от­ба­сылық топтары қатысты. Олар ал­ты кезең бойынша жарысқа шығып, бақ сынады. Қайсыбір сай­ыста болмасын қырағылық пен тапқырлықтан көпшілікті тән­ті еткен «Ақ көгершін” атты отбасылық топ бас бәйгені қан­жығаларына байласа, тереңөзектік «Қыран” отбасы екінші, ал Қалжан ахун аулынан ат басын бұрған «Бо­лашақ” командасы үшінші орындарды иеленді.

Отбасылар сайысының өткізі­луіне аудандық ішкі саясат бөлімі қол­дау көрсетсе, «Сырдария ау­да­нының әйелдері” қоғамдық бір­лестігі мұрындық болды. Жарыс жеңімпаздарына қаржылай сый­ақылар табыс етілді.

 

ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 

«Іңкәрдария» ауылында ау­дан­­дық ішкі саясат бөлімінің қол­­дауымен аудандық «Мирас» жас­тар қоғамдық бірлестігінің ұй­ымдастыруымен «Таза ауыл» ак­циясы өткізілді.

Шара барысында «Жасыл ел – жас түлек – 2014» атты ауылдың мектеп бітіруші түлектерінің ағаш отырғызу рәсімі болды. Осы күні ауылға 2000 қаламша егіліп, 24 шаршы метрдің көлемінде күл-қо­қыс шығарылып, көшелер тазар­тылды.

 

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАҒА

Аудандық медицина сала­сы­­ның қызметкерлерінің ұйым­дастыруымен «Әрқашан күн сөн­бе­сін…” атты салтанатты ша­ра болып өтті.

Игілікті шараның ашылу сал­танатында аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Ш.Ізетов сөз алып, жас бүлдіршіндерге деген өзінің аталық ақ тілегін алғаусыз жеткізді.

Шара барысында бүлдіршіндер тақпақ пен ән айтудан, мың бұрала би билеуден, түрлі ойындар өр­нектеуден сайысқа түсіп, ата-аналарын қуанышқа кенелтті.Же­ңім­паздарға түрлі ойын­шықтар, тәт­тілер мен балмұздақтар үлес­тірілді.

Сондай-ақ, Тереңөзек кенті мәдениет үйінде де «Бала – бейбіт өмір лебі” атты мерекелік іс-шара өткізілген. Оның мақсаты – көз мүгедектері балаларына қамқорлық қолдарын созу болатын. Бұл шараға аудан аумағынан ондаған зағип жандар қатысып, игілікті іс-шараға өз ризашылықтарын жеткізді.

 

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Сырдария ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз