Т А Ғ А Й Ы Н Д А У

67

0

Т А Ғ А Й Ы Н Д А У

Облыс әкімінің
2014 жылғы 19 мамырдағы № 408-ө өкімімен Жақыпбаев Талғат Өмірзақұлы міндетті
арнайы тексеру нәтижесі келгенге дейін Қызылорда облысының қаржы басқармасы
басшысының міндетін атқарушы болып қабылданды.

Талғат
Өмірзақұлы 1972 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда поли­техникалық
институтын бітірген. Мамандығы – бухгалтер-экономист.

Еңбек жолын 1992
жылы «Қызылордажылу­электрорталығы» кәсіпор­нында жұмысшы ретін­де бастаған.
1997-2007 жылдары қалалық қаржы бөлімінде экономист, облыстық қаржы
басқармасында жетекші маман, бөлім бастығы, облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау департаментінде бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2007-2013
жылдары облыс әкімі аппаратының экономикалық талдау және өңірлік даму
бағдарламаларының мониторингі бөлімінің меңгерушісі, облыстық білім басқармасы
бастығының орынбасары, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс
және аймақтық даму бөлімінің меңгерушісі, облыстық ішкі саясат басқармасы
бастығының орынбасары, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін
атқарды.

2013 жылдан осы
кезге дейін «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының
орынбасары болды.

Талғат
Өмірзақұлы қай қызметте болсын жұмысын жоғары кәсіби деңгейде, жауапкершілікпен
атқарып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз