ТАҒАЙЫНДАУ

55

0

ТАҒАЙЫНДАУҚызылорда облысы әкімінің келісімімен және Қазақстан
Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік)
төрағасының бұйрығымен Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы Қызылорда облысы бойынша
монополияға қарсы инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

Сермағамбетов
Серік Сағитжанұлы 1965 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын
– экономист, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін заңгер
мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек
жолын Балық шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласындағы
материалдық-техникалық жабдықтау орталық базасының аға экономисі ретінде
бастаған.

2005-2008
жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2009 жылдары Шиелі
ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2011 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасының бастығы,
2011-2014 жылдары Жалағаш ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарған.

2014 жылдың мамыр
айынан осы кезге дейін «Байқоңыр (Байконур) әлеуметтік кәсіпкерлік
корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының
бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз