ТАҒАЙЫНДАУ

57

0

Облыстық медицина орталығының басшысы қызметіне медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Телеуов тағайындалды. Мұрат Қойшыбайұлы 1960 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мәскеудегі Пирогов атындағы мемлекеттік медицина институтын бітірді.
Еңбек жолын Ақтөбенің аудандық ауруханасында дәрігер-хирург ретінде бастаған Мұрат Қойшыбайұлы, 1993-2000 жылдары А.Н.Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығының бас ғылыми  қызметкері; 
2001-2007 жылдар кезеңінде Семей мемлекеттік медицина Академиясының ректоры;
2007-2009 жылдары Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету ғылыми орталығының бас директоры;
2009-2011 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры;
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры;
Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы 146 ғылыми басылым мен 23 жаңа әдістер авторы.  Жоғары біліктілік  санатындағы дәрігер-хирург. 2003 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2003-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының ІІІ шақырылым депутаты.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз