ТАҒАЙЫНДАУЛАР

45

0

Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша 2013 жылғы 24 қазандағы облыс әкімінің өкімімен Тойбазаров Сейілхан Сыдықұлы міндетті арнайы тексеру нәтижесі келгенге дейін Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Тойбазаров Сейілхан Сыдықұлы 1958 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын – инженер-гидротехник, Қазақ инженерлік-техникалык академиясын экономист мамандықтары бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1980 жылы Алматы қаласында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып бастаған. 1981-2004 жылдары Қызылорда «Су шаруашылығы» кәсіпорны бастығының орынбасары, бас директорының орынбасары, Республикалық «Казводоканалналадка» кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының жетекшісі, Сырдария ауданы шаруашылық есептегі ауыз сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының бастығы қызметтерін атқарған. 2004-2012 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, 2012 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының  сәулет және қала құрылысы басқармасына қарасты «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.
***
Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша 2013 жылғы 4 қарашадағы облыс әкімінің өкімімен Сүлейменов Телман Райғаниұлы міндетті арнайы тексеру нәтижесі келгенге дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Сүлейменов Телман Райғаниұлы 1957 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтын – инженер-құрылысшы, Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық Академиясын экономист мамандықтары бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1979 жылы Арал ауданы құрылыс мекемесінің шебері ретінде бастаған. 1983-1997 жылдары Арал аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, аудандық Қазақстан Компартиясы ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, аудан әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, аудандық экономика бөлімінің бастығы, 1997-2002 жылдары облыстық экономика басқармасының бөлім бастығы, облыстық кәсіпкерлік департаментінің директоры, облыстық статистика ақпарат есептеу орталығының директоры, 2002-2012 жылдары Қызылорда қаласындағы көпсалалы құрылыс мекемесінің директоры, Израиль бағдарламасының «МАШАВ» консалтинг орталығының директоры, «Қызылордаагросервис» мемлекеттік мекемесінің директоры, «Ақмешіт» құрылыс мекемесі директорының орынбасары. 2012 жылдан бастап осы кезге дейін «Арал» құрылысы салынып жатқан біріккен кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келді.
***
Облыс әкімінің 2013 жылғы 14 қарашадағы өкімімен Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. 
Әділбек Бөрібайұлы 1976 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетін «тарихшы-архивтанушы» мамандығы бойынша бітірген.
1998-2002 жылдары Қызылорда облыстық мұрағатында архивист, мұрағаттар мен құжаттамалар бөлімінде жетекші маман, 2002-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратында маман, жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, 2007-2009 жылдары Талсуат ауылында №178 орта мектеп директоры, Талсуат ауылдық округінің әкімі, 2009-2011 жылдары облыс әкімі аппаратында сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімі басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
***
Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша 2013 жылғы 15 қарашадағы облыс әкімінің өкімімен Әбдіқалықов Ержан Қыпшақбайұлы міндетті арнайы тексеру нәтижесі келгенге дейін Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
Әбдіқалықов Ержан Қыпшақбайұлы 1982 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын энергетика инженері мамандығы бойынша бітіріп, жылу энергетика магистрі дәрежесін алған.
Сонымен бірге, «LPM OY» Зауыты, Леппавирта қаласы, Финляндия мемлекетінде, «Danfoss Trata» Зауыты, Любляна қаласы Словения мемлекетінде, «Tіme Manager Іnternatіonal» Халықаралық менеджмент мектебі, Мәскеу қаласы Ресей Федерациясында қосымша білім алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында АПК ТЭЦ-2 мекемесінің машинисі болып бастаған. 2005-2008 жылдары Алматы қаласында «DANFOSS» Дания компаниясының инженері, «Johnson Controls» Американдық холдинг өкілдігінің инженері, 2008-2009 жылдары – «BAXІ» Ағылшын холдингі өкілдігінің Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменістан бойынша аумақтық өкілі, 2009-2010 жылдары – ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау комитетінің 1-ші дәрежелі эксперті; 2010-2012 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау комитетінің бас эксперті, басқарма басшысы, 2012-2013 жылдары «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы агенттігі» АҚ-ның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту Қазақстандық орталығының департамент директоры қызметтерін атқарған. 
2013 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту Қазақстандық орталығының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз