«Таблиғи жамағат» ұйымының негізгі діни және саяси-құқықтық қателіктері

68

0

Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР Конституциясы және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының нормаларына сәйкес өз балаларын өзінің діні бойынша тәрбиелеуге құқылы. Ал енді өзге адамдарға, яғни көпшілікке дағуатты жасау тек мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктер ғана өздерінің ғидабатханаларда (ғимараттарында) және ресми түрде тіркелген миссио¬нерлер жүргізе алады. Бұл – заңның нақты талабы. Ал енді шариғаттың талабы бойынша дұрыстыққа қосу және бұрыстықтан тосу тек діни білім иелеріне ғана тиесілі. Себебі, жай қарапайым дұрыстыққа нақты қосу және бұрыстықтан тосудың шарғи негіздерін іс жүзінде құқық тұрғыдан қолдану әдістері мен тәсілдерін біле бермейді. Бүгінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты мешіттердің имамдары мен қызметкерлері еңбек етіп келеді. Сондықтан «Таблиғи жамағат» ағымының мынадай шариғи тұрғыдан қателіктері бар. 
1. Жалпы көпшілікке таблиғ (дінді жеткізу) жасау пайғамбарлар мен ғұламалардың және өз заманындағы жеткілікті діни білім иелерінің (яғни мешіт имамдары) міндеті болып табылады. Бұл ретте өз алдына бөлек ағым ретінде аталған міндетті өз бетінше атқаруға құқығы жоқ.
2. Таблиғи жамағат өздерінің құрылуы негіздері мен себептерін Құран Кәрімдегі Әли Имран сүресінің 104-аятын негіз етіп алуы шариғат негіздері бойынша дұрыс емес. Себебі, бұл аяттағы «бір топ» дегенде ғұламалар тобы (мазһаб басшылары, ғалымдары) түсініледі. «Әмр мағруф» деген сөз тіркесі дұрыстыққа шақыру, қосу, әмір беру (мазһаб басшылары, ғалымдары) және «әмр мункар» деген сөз тіркесінен бұрыстықтан тосу, яғни күнә істерден және жат қылықтардан тыю деген мағыналар шығады. Демек, мұндай өте жауапты міндет тек мазһаб басшылары мен өз заманындағы ғалымдар ғана атқара алады. Осы ретте, аталған ағымның ұстанымы «Хизб-ут-тахрир» діни экстремистік ұйымына ұқсас келеді. Өйткені, аталған ұйым өздерінің құрылу негіздерін жоғарыдағы аятпен байланыстырады.
Ал «Таблиғи жамағат» ағымының негізгі саяси-құқықтық қателіктері мынадай мазмұнда болады. 
1.Саясатпен еш айналыспаймыз, заңға мойынұсынамыз және имамдарға қарсы шықпаймыз деп айтқанымен, мемлекеттік тіркеуден өтпейді. Яғни, заң талаптарын орындамайды және орындамай келді.
2. Қазақстан Республикасында аталған ағымның мүшелері ҚР заңна¬масы нормаларын, әсіресе ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі¬нің нормаларын бұзу бойынша құқықтық жауаптылыққа тартылған болатын. Тіпті ағымның кейбір мүшелерінің қайталап заң бұзған фактілері кездеседі. Бұл іс-әрекеттер өздерінің болмысын қоғам мен мемлекет алдында жағымсыз түрде көрсетеді.
Мұндай шарғи негізі жоқ және құқық бұзушылық көрінісі бар іс әре¬кеттерден аулақ болайық!
Облыстық ішкі саясат
басқармасының дін істері бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз