ТАҢДАУЫМЫЗ – ТАЗА ҚОҒАМ

64

0

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның басты дертінің бірі. Мұнымен күрес бүгінгі
күні әлемнің барлық елінде жүргізіліп келеді. Осының бірден-бір дәлелі ретінде
9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні болып белгіленгенін
айтуымызға болады. Бұл тұста
мемлекетіміз де БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына қосылып,
оның шарттарын жүзеге асыруда. Мерекеге орай Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
Студенттер сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен
«Біздің таңдауымыз – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты акция аясында жиын болып өтті.

Шараның негізгі мақсаты –
қо­ғам­­ды жайлаған індеттің ал­дын алу, жас­тардың құқықтық сау­аттылығын арт­тыру,
оларды оны­мен күреске тар­та отырып, жем­қорлыққа қарсы көз­қарастарын қа­лыптастыру.

Алғаш болып сөз алған ҚР
Мем­ле­кеттік қызмет істері және сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл
агенттігінің облыс бойынша де­пар­таменті басшысының орынбасары, тәр­тіптік
кеңес төрағасы Марат Ораз­әлі департамент тарапынан жем­қор­лыққа қарсы жасалып
жат­қан жұмыс жайын сөз етті. Сондай-ақ, күрестің негізгі тетіктері мен
мемлекеттік қыз­мет саласындағы сыбайластық көрі­ністерінің пай­да болуының
фактор­ларына тоқтал­ды. Оған қоса, барлық жиынға қа­тысушыларды індетке қарсы
біріге күресуге шақырды.

− Жемқорлықпен күрестің ең
негізгі тетіктерінің бірі – қоғаммен байланыс. Ал, қоғамның қозғаушы күші –
жастар. Сондықтан бұл індет­ті барлығымыз бірігіп жұмыла жаса­ған әрекетіміздің
арқасында ғана же­ңе алатынымыз ақиқат.
Қазіргі таң­да біздің департаментті кәсіби дең­гейі жоғары, отансүйгіш патриот мамандармен
жасақтау жұ­мыстары басталды. Себебі,
жем­қорлыққа қарсы тәсілдерді анық­тай, зерделеп, талдай білетін арнайы
мамандар, яғ­ни заңгерлер, әлеуметтанушылар мен саясатта­ну­шылар қажет. Ол
үшін ар­найы конкурстар жарияланатын бо­лады, – деді М. Оразәлі.

Мұнан бөлек ауқымды тақырып
бойынша «Нұр Отан» партиясы об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Өлмесхан Болатбеков сөз алып, жемқорлыққа қарсы күресті ең алдымен әрбір адам
өзінен бастау керектігін баса айтты.

− Осыдан 6 жыл бұрын Елбасы
Н.Назарбаевтың қатысумен сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы кү­рес
турасында үлкен шара өт­кен болатын. Онда «Нұр Отан» партиясына мемлекеттік
орган­дармен бірге әлемдік дертке қарсы жұмыс жасауға үлкен жауапкер­шілік
жүктелді. Содан бері қанша уақыт өтсе де сыбайластыққа сү­рініп, жемқорлыққа
жығылған фак­тілер кө­беймесе, азаймай тұр. Бұл ретте жастарды таза қоғам
құруға, Елбасы артқан сенімді ақтауға шақырамын. Бір жағадан бас, бір жеңнен
қол шы­ғарып бірлесе күрессек, еліміз өр­кендеп, Мәңгілік ел болатыны сөзсіз, –
деді.

Жиын барысында жастар да өз
тараптарынан үн қосты. Олардың қатарында «Жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің
белсенді мүшесі Серік Әбіл, «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда қалалық
филиалының ат­қа­рушы хатшысы Әлішер Қардашов, «Қызылорда жастары» қоғамдық бір­лестігінің
төрағасы Бауыржан Мәс­теков бар. Олар
шараға бай­ла­нысты ұсы­ныстарын жасап, сы­бай­лас­тық­қа қарсы бірлесе
жұ­мыс жасай­тын­дық­тарын жеткіз­ді. Басқосу соңы кон­церттік бағдар­ламаға
ұласты.

М.ОТАРАЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз