
Басшыдан білгеніміз, мүгедек жандарды жұмыспен қамту облыстық басқармадан келген бақылау көрсеткішімен жоспарланады. Нақты кезеңде 48 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласыпты. Оның 11-і тұрақты, 29-ы қоғамдық, қалғандары әлеуметтік жұмысқа, жастар тәжірибесіне жолдама иеленген. Құптарлық жайт. Яғни тиісті шаруа қолға алынуда.
«Нұр Отан» партиясымен бірлесе өткізген бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен осындай тұжырым жасадық. Жәрмеңкеге қатысқан әлденеше мүмкіндігі шектеулі адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бірнешеуі өз өтініштерімен аудандағы мекемелерге қоғамдық жұмысқа жіберілді. Қуаныштысы, «Жол картасы – 2020» бағдарламасының игілігін көргендер де баршылық. Іскендір Тастеміров атты азаматтың «Нұржігіт» шаруа қожалығынан кәсіп табуы соның дәлелі.
– Ауданда жиі өткізілетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесімен қатар мүмкіндігі шектеулі жерлестерімізге арналған жәрмеңкені тоқсан сайын ұйымдастыру межеленуде. Заңдылыққа сәйкес мүгедектерді жүйелі түрде жұмысқа орналастыру алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қазыбек Аяпов.
Жақсылықты ту еткен азаматтардың жаныңда болғаны қандай ғанибет.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!