ТАЛ БЕСІКПЕН ТЕРБЕТІЛГЕН ТЕКТІ өНЕР

45

0

Облыстық
филармонияның ұйым­дасты­­руымен «Ерен
еңбегі үшін» ме­далінің ие­гері Ш.Тілеулесов пен Г.Нұр­жанованың «Тал бесікпен
тербе­тілген текті өнер» атты от­басылық кон­церті өтті.

Сыр елі
мәдениеті мен өнерінің өркен­деуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан сах­на
саңлағы Шынберген Тілеулесов 1977 жылы Мәдениет басқармасының жол­дамасымен
Алматыдағы республикалық эс­т­­рада-цирк өнер студиясына түсіп, оны 1979 жылы
Жүсіпбек Елебековтың сыныбы бойынша тәмамдайды. Осы жылы Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Қызылорда облыстық
филармониясына әнші болып қызметке қабылданды. Туған топырақтың киелі сахнасына
қызмет еткелі 35 жыл болды.

Халықты әсем
әнімен әлдилеген Күлжа­мал Нұржанова Алматы қаласындағы респуб­ликалық
эстрада-цирк өнер студиясын 1979 жылы бітіріп, Мәдениет министрлігінің
жолдамасымен филармонияға әнші болып қабылданады. Өнер иелері қатар жүріп
Қазақстанның барлық өңірінде және көршілес Өзбекстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан
рес­пуб­ликаларында гастрольдік сапарларда болып қазақ мәдениетін дәріптеді,
ұлттық өнерін насихаттады. Кең диапазонды қоңыр үнімен көрерменінің көзайымына
айналды.

Тал бесіктен
өнер көгін тұмарлап, ша­ңырақ шаттығын әнмен әрлеген, жан шәр­баты өнерге
шөлдеген, тегінен талант тең­деген Тілеулесовтер отбасының кешінде өнер
иелерінің балалары Алмас, Айгерім, На­зым Тілеулесовалар, келіні Аягөз және
Шынбергеннің төл шәкірті Бақдәулет Қар­ғабаевтар өнер көрсетті.

 

М.МЕРЕЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз