ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК КӨП

67

0

ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК КӨП

Жақында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Жігер”
қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Ән бізді біріктірді” атты мүмкіндігі
шектеулі жастардың республикалық шығармашылық фестивалі болып өтті. Шара
облыстық жастар саясаты басқармасының
«Мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасау бойынша әлеуметтік қызмет
жұмысын ұйымдастыру” әлеуметтік маңызды жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Фестивалдің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың
шығармашылық деңгейін көтеру, оларға қолдау білдіру, қоғамдық шараларға тарту
және өзгелермен қарым-қатынаста етене араласып, тәжірибе алмасу болып табылды.

Байқауға 27 мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар қатысты.
Мәселен, Атырау қаласынан келген «Өмір гүлі” мүмкіндігі шектеулі жандардан
құралған ансамблі және «Жаса” вокалды аспаптар ансамблі, Байқоңыр қаласынан
«Байқоңыр” квартеті, №5 көзі нашар көретін және №6 құлағы нашар еститін балалар
интернатының жас жеткіншектері өздерінің
бар өнерлерін ортаға салып, әсерлі кеш өрбітті.

Шараға қатысушылар
вокал, би және музыкалық инструментте ойнау номинациясы бойынша өзара
бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен жүзден жүйрік атанғандарға арнайы сый-сияпат көрсетілді.

 

С.Адайбаева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз