ТАЛАП ТӘРТІПТІҢ ТІРЕГІ

77

0

Қызылорда облысы бойынша қаржылық
бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын
жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерімен өзара іс-қимылын
және қызметтерін үйлестіру» тақырыбында
дөңгелек үстел өтті. Мекеменің мәжіліс
залында өткен жиынды сөз сөйлеп ашқан
мекеме басшысының орынбасары Сәндібек Аманжолов шараның мақсатын, мемлекеттік
қаржылық бақылау органдарының атқарып жатқан жұмыстары мен алда тұрған
міндеттеріне тоқталып өтті.

Бұдан соң, осы мекеменің «Есеп­тілік,
талдау және сапаны ба­қы­лау бөлімінің» бас маман, бас ба­қы­лаушы-тексерушісі Ләззат Тәшім­бе­това облыстық
бюджеттен қар­жы­ландырылатын жергілікті атқа­ру­шы органдардың Ішкі бақылау қыз­меттерінің 2014 жылдың 9 ай­ында
жүргізген бақылау жұ­мыс­­тары мен бақылау материал­да­ры­ның «Мемлекеттік
бақылау стан­дарттарына» сәйкестігіне сараптау қо­ры­тындылары туралы хабарлама
жа­сады. Салыстырып айтқанда, Қы­зыл­орда облысының қаржы басқар­масының ішкі
бақылау бөлімі 2013 жылы 31 мемлекеттік мекеме мен кә­сіпорындарда бюджет
қаражат­та­ры­ның пайдаланылуына және
мем­ле­кет активтерінің есепке алы­нуы
мен сақталуына тексерулер жүр­гі­зіп, жалпы 785,7 млн. теңгенің бұзу­шы­лықтарын
анықтаған, 780,3 млн.тең­генің бұзушылықтары
қалпына кел­тіріліп, 3,4 млн.
теңгенің негізсіз шы­ғындары бюджетке өндірілген. Ба­қы­лау қорытындыларымен 11
қыз­меткерге тәртіптік шаралар қол­да­нылып, 1 бақылау материалы құ­қық қорғау
органына өткізілген. Осы­лар­дың ішінде
кейбір актілердің ба­қы­лау қорытындысына әсер ет­пейтін іші­нара
кемшіліктермен рә­сімделіп, мем­лекеттік бақылау стан­дарттарының талаптары сақ­талмағаны, оның се­бе­бі, ішкі
ба­қылау бөліміне 2013 жы­лы қа­был­данған жас мамандардың тә­жі­ри­бесінің
аздығынан орын алған­дығы түсіндірілді.

2014 жылы қаржылық бақылау
инспекциясымен бірлескен іс-ша­ра­­лар жоспарланып, 3 жас ма­ман Респуб­ликалық
бюджеттің атқа­ры­луын бақы­лау жөніндегі есеп ко­митеті жанындағы орталықта се­минар-курстарға
жі­бе­рі­ліп, білікті­ліктерін арттырды. Со­ны­мен қатар, білікті маман – са­рап­шы
Ләззәт Тә­шімбетованың ай сайынғы сын-ескертпелері мен ұсын­ған әдіс­те­мелік
көмек құралдары (үл­гі­лік бақылау бағдарламалары, т.б.) бас­­шылыққа алынып, ішкі ба­қы­лау бө­лімі
қызметкерлерінің жұ­мыс сапа­сын арттыруға көп сеп­ті­гін тигізді. Нә­тижесінде,
2014 жыл­­дың өткен 9 айында 42 ме­ке­­­меде
бақылау жұ­мыстары жүр­гізіліп, 852,8
млн. теңгенің қаржы­лық, 444,5 млн. теңгенің бух­гал­терлік есепке алу
ережелерін бұзу­­шылықтары анықталды.
42 бақылау материалының барлы­ғы да мемлекеттік бақылау стандарт­тарына
сәйкес деп танылды.

Шара барысында, дөңгелек үстелге
қатысушылар тарапынан «Мемлекеттік мекемелерде бух­гал­терлік есепті жүргізу
ереже­лері» бойынша, Қазақ­стан Респуб­ликасының
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасы мен «Әкім­­шілік құқық бұзушылықтар ту­ра­лы»
кодексіне және бақылау іс-шара­ларын жоспарлауға қатысты сұрақтар беріліп,
тиісті жауаптар алынды.

Марат БАЛМАНОВ,

Қызылорда облысының қаржы басқармасының ішкі мемлекеттік қаржылық
бақылау бөлімінің басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз