ТАЛАПТЫ БАЛА – ТАЛПЫНҒАН ҚҰСТАЙ

68

0

ТАЛАПТЫ БАЛА – ТАЛПЫНҒАН ҚҰСТАЙ

Қызылорда қаласындағы «Сыр бөбегі» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы арт-терапия, инклюзивтік білім беру, вариативтік жұмыстарды ұйымдастырудағы педагогтардың мотивациялық дайындығы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Оның жұмысына облыс аумағындағы балабақшалар меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Бұл шараның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету, қазіргі білім беру технологиялары мен дамытушы әдістемелерді меңгеруде кәсіби деңгейі мен құзыреттілігін арттыру, вариативтік компоненттер, технологиялар мен дамытушы әдістемелердің мазмұнын теориялық-әдіснамалық базаларымен таныстыру, меңгерту және тәжірибелік іскерліктерін қалыптастыру.

Семинарда қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев, «Өрлеу» БАҰО Қызылорда филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Сәкен Серікбаев, кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев өз пікірлерін білдірді.

Семинар педагогтардыңвариативтік компонентті жүргізудегі табыс­ты іс-әрекеті және педагог-тәрбиешілердің шығармашылық тәжірибесі тақырыбындағыекі бөлімдежүргізілді. Оған қатысқан 70-ке жуық педагог қызметкерлер «Сыр бөбегі» балабақшасы педагогтарының шығармашылық жұмыстарына тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.

Ләззат Ташева,

Гауһар Таласбаева,

«Өрлеу» БАҰО Қызылорда филиалы педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының

аға оқытушылары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз