ТАМАҚТАНУДЫҢ ДА ТӘРТІБІ БАР

56

0

Тамақтану мәдениеті – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі
болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу қажеттігін білдіреді.

Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай
қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде
қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да
ауруларға шалдығады.

Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті
зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам денесінің
тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан,
7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8
көміртегінен тұрады.

Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің
ағзамыз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді, т.б.
биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек. Сондықтан азық-түліктің
түр-түрін жеу – адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу – зиян. Адам
ағзасына қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер,
минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп, қанға
барып араласады да, дененің барлық ағазасына тарайды.

Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып
түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы қорытылады,
денеге жақсы тарайды.

 

Г.ӘБІЛДАЕВА,

№5 «Көру қабілеті бұзылған балалардың түзету”

мектеп-интернатының жоғары
санатты медбикесі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз