ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДА

110

0

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДА

Биылғы жылы ауданда 29136 гектарға
ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру межеленіп отыр. Бұл сала
өндірісіндегі 587 құрылымның 310-ы егін
шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 133 шаруашылық тікелей күріш өсірумен
шұғылданады.

Маусым айының алғашқы күндері 7600 гектар жерге күріш дақылы егілсе,
оның 6000 гектары суға бастырылды. Сондай-ақ, 10000 гектар ескі жоңышқа, 2376
гектар күздік бидай, 700 гектар мақсары агротехникалық күтімге алынса, 4068
гектар жаңа жоңышқа егілді. Ауданда картоп, бақша, көкөніс дақылдарын
орналастыруға да айрықша мән берілді.

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДАБиылғы жылы жаңа технологияларды қолдана отырып, жеміс-жидек, жүзім
дақылдарының көлемін ұлғайту бағытында 9 шаруашылық 155 гектар жерге
жеміс-жидек, 36 гектар жерге жүзім
дақылдарын тамшылатып суару технологиясымен егу жұмыстарын жүргізуде.

Ауданда типтік жобадағы жылыжай құрылысы салынып, оған 118,0 млн. теңге
инвестиция тартылған. «Серікбай»
шаруа қожалығының жылыжайында
өткен жылы 70 тонна қияр және 40 тонна қызанақ өндіріліп, сатылды. Биыл жылыжай көлемін ұлғайту
бағытында жұмыстар атқарылып, алғашқы 15 тоннадай қияр
өнімі халыққа сатылып жатыр. Осы
маусымаралық кезеңде 30-35
тонна қияр өндірілгелі тұр.

Жаңақорғандық диқандар маусымды ойдағыдай өткізу жолында бар күш-жігерін
жұмсауда.

Н. ЕЛТАЙ.

Жаңақорған ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз