ТАЗА СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

40

0

Дерекке жүгінсек, ауданда соңғы жылдары жұқпалы аурулар күрт азайған. Мұның басты мәнісі ауыз су сапасының жақсаруында дейді дәрігерлер қауымы. Алайда, Ақсуат ауылының тұрғындарын бұл жайт күні кешеге дейін мазалап келген еді. Олар суды көлікпен тасымалдап, құдыққа құйдырып әуреге қалатын. Енді бұл мәселе түбегейлі шешімін тапты. 
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында «Байқожа жергілікті су құбырының және Ақсуат елді мекеніндегі сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және елді мекенді сервистік желімен қамту» жобасы толық іске қосылды. Осынау жағымды жаңалықтың жүзеге асуына республикалық, облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Нысанның бас мердігері саналатын «Рза» акционерлік қоғамы өздеріне тиесілі жұмыстарды сапалы орындап шықты. Нәтижесінде бас құбырлар, сервистік желілер жүргізілді. 205 дана су есептегіш құралы тұрғын үйлерге орнатылды. 
Ақсуат ауылындағы су-насос стансасының ашылу салтанатында аудан әкімі Бақыт Жаханов, облыстық мәслихат депутаты, «Рза» акционерлік қоғамының президенті Самұрат Имандосов, аудандық мәслихат депутаты, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажадин Өтеев, еңбек ардагері Әбдуәли Өксікбаев құттықтау сөз сөйледі. Рәсім барысында лента қиылды. Ақ жаулықты аналар ұлттық дәстүрімізбен шашу шашты. Ауыл ақсақалы Өмірбек Қожамжаров бата берді.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз