«Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және салдарын жою» тақырыбы бойынша журналистер арасында өтетін конкурс ЕРЕЖЕСІ

112

0

 

Жалпы ереже

1. «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және
салдарын жою» тақырыбындағы байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.

2. Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдас­тырушысы
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы.

Байқаудың мақсаты

3. Халық арасында терроризм мен діни экстремизмнің
алдын алу және онымен күрес жолында насихаттық шаралардың маңыздылығын
тереңдете түсу.

4. Тұрғындардың діни сауатын ашу және терроризм мен
діни экстремизмді қолдамауға шақыру.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын
талаптар

5. Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақ­са­тында
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан Ұйымдастыру комитеті
құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Қызылорда облыстық ішкі саясат
басқармасының басшысы бекітеді.

6. Байқау 2014 жылғы 10 қазан – 10 қараша аралығында
жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды қамтиды.

7. Байқауға бұқаралық ақпарат құралда­рында жұмыс
істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады.

8. Байқау материалдары жарияланған күйін­де
(газет-журналдар беттерінде, бейне және аудиотаспалар түрінде) тиісті баспа
және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша
қабылданады.

9. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың
өзектілігі және маңызы, мазмұнының ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық
шарттарға сәйкестігі, жаңа әдіс, соны стильді қолданысқа енгізе білуі, тілі
және стилінің ұғынықтылығы, журналистік шығармашылық әдістерінің ерекшелігі,
тың ақпаратты сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды
қолдана білуі есепке алынады.

Байқау материалдарында жергілікті тұр­ғын­дардың діни
сауатын арттыру, рухани байлығын нығайту және дәстүрлі емес діни ағым
мүшелерінің идеологиясына қарсы жалпы қоғамдық иммунитетті күшейту, діни
экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы іс-шаралар, идеялар қамтылуы
тиіс.

10. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне
(Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, нөмірсіз Қызылорда облысы әкімдігі
ғимаратының № 313 бөлмесі, байланыс телефондары: 60-53-21) мынадай құжаттарды
қоса жібереді:

1) төмендегі деректер көрсетілген өтініш:

– автор туралы мағлұматтар /туған жері, күні, айы,
жылы, ұлты/;

– жұмысы, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс
құралдары.

2) байқау материалы жарияланған газет, журналдың
көшірмелері (сканер арқылы), теле-радио бағдарламалардың DVD, CD форматындағы дискілерге
жазылған нұсқасы (қағазға түсірілген нұсқасымен бірге).

11. Байқауға жіберілген материалдар автор­ларға
қайтарылмайды.

12. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы
бағалайды. Қазылар алқасының құрамы Ұйымдастыру комитетімен анықталады.

Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі

13. Байқау үш кезеңнен тұрады:

1) 2014 жылғы 1 қарашаға дейін – байқауға
қатысушылардан материалдарды қабылдау;

2) 2014 жылғы 1 қарашадан 5 қарашаға дейін –
материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;

3) 2014 жылғы қараша айының соңғы аптасы – байқау
жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

14. Байқау жеңімпаздары дипломмен, арнайы сыйлықтармен
марапатталады.

Облыстық ішкі саясат басқармасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз