ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯЛАР ҚҰРУ ТУРАЛЫ

48

0

Қазіргі уақытта Қазақстан қарқынды даму үстінде, бірқатар индустриалдық-инновациялық бағдарламалардың табысты іске асырылуы, халықтың әл-ауқаты жақсарғаны байқалады.   
Сонымен қатар, әскери қақтығыстарға ұшыраған өңірлерге жақын орналасу, көші-қон үдерістері, сондай-ақ интернет-кеңістікте шет елден терроризм идеяларын насихаттау халықтың өміріне ықпал етпей қоймайды.   
Азаматтардың санасына бізге тән емес діни ағымдар мен секталар, шетелдік уағыздаушылар, сондай-ақ терроризм мен діни экстремизм идеологиясын уағыздайтын  веб-сайттардан «дұрыс» дінді өз бетінше іздеу ықпал етеді.    
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «терроризм» ұғымы  күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған қылмыстық әрекеттерді жасау жолымен мемлекеттік органдардарға әсер ету практикасы ретінде айқындалған.            
Осыған байланысты, елімізде терроризмге қарсы іс-қимылдар бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік органдар терроризммен күресудің көп жылғы халықаралық тәжірибесімен танысып және осы тәжірибе негізінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінен 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.  
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2013 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістерге және «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №589 Жарлығына сәйкес Қызылорда облысында терроризмге қарсы облыстық, қалалық және аудандық комиссиялары құрылды.
Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның төрағасы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев болып табылады, қалалар мен аудандарда – тиісті әкімшілік бірліктердің әкімдері. 
Барлық деңгейдегі комиссиялар құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, Ішкі істер департаментінің, Қорғаныс істері департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің, Әділет департаментінің, Дін істері, Денсаулық сақтау, Білім басқармаларының және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері кіреді.     
Төрағаның шешімі бойынша комиссиялар құрамына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге лауазымды тұлғалары қосылуы мүмкін.   
Республикамызда барлық комиссиялардың қызметін жалпы үйлестіруді ведомствоаралық жоғары консультативтік-кеңес органы ретінде ҚР терроризмге қарсы орталығы қамтамасыз етеді.   
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласында барлық мемлекеттік органдардың іс-шаралары республикалық деңгейден аудандық деңгейге дейін бірыңғай өзара байланысты кешенге біріктірілген, олардың негізгі бағыты профилактика болып табылады.  
Мәні бойынша профилактика – бұл терроризмнің алдын алу, оның туындауына және таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерттеу мен жоюға бағытталған түрлі іс-шаралар жиынтығы.   
 Нақ осы жұмысты терроризмге қарсы комиссиялар дамытуға шақырылған. 
Облыс аумағында халықтың діни сауаттылығын арттыруға, біздің мәдениетімізге тән діни көзқарастар мен қағидаттарды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихаттау және идеологиялық жұмысты түсіндіретін арнайы топтар құрылып, қызмет жасауда. 
Олардың құрамына мемлекеттік қызметшілер мен теологтар кіреді. Азаматтарды құқықтық қорғау мақсатында деструктивтік діни ағымдар мен секталар қызметінен зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы жұмыс істейді.  
Террористік сипаттағы төтенше жағдай туындай қалса, комиссиялар жедел медициналық жәрдем көрсетуді, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, ұйымдардың орнықты жұмыс жасауын қалпына келтіру, зардап шеккен азаматтарға шығынды өтеу жұмысын жүргізуге шақырылған.   
Ұйымдастыру мәселелері мен жұмысты жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 21 тамызында Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның алғашқы отырысы өтіп, облыстың барлық мемлекеттік органдарының жалпы іс-қимыл жоспары бекітілді.   
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз