ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМ

45

0

Бүгінгі күннің ертеңгі тарих екендігі ақиқат. Ал, өткенге көз тастап ғибрат алу өскелең ұрпақтың еншісінде. Қазақтың сайын даласының әрбір сүйем жері шежіреге толы. Мұны озық ойлы перзенттері сан мәрте дәлелдеп келеді. Бұл бағытта елімізде атқарылған істер аз емес.
Арал аудандық мәдениет үйінде тартымды шара мәреге жетті. Осынау «Әлем таныған Арал тарихы мұрағат қорында» тақырыбындағы облыстық ғылыми тәжірибелік конференция аудан мұрағатының 50 жылдығына арналды. Аймақтың тарихшы ғалымдары, өлкетанушылар, экологтар мен жазушылар, облыстық мұрағаттардың, құжаттама басқармасының, ҮЕҰ, Бақ өкілдері, түрлі деңгейдегі басшылар қатысқан конференция барысында өлкенің бай тарихы көпшілік назарына ұсынылды. 
Маңызды шара мәдениет үйінің фойесіне қойылған 1734-2001 жылдар аралығын қамтитын құжаттар көрмесімен танысудан басталды. Мәжіліс залында өткен конференцияны облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Ғайнулла Жарқынбаев жүргізіп отырды. 
Келелі басқосуда Аралдың ежелгі тарихы, мұрағат жұмысы, оның отандық тарихты жаңғыртудағы, өлкетану бағытын жандандырудағы рөлі, Арал бассейнінде балық шаруашылығының дамуы және өзге де тақырыптардағы баяндамалар тыңдалды. 
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз