“ҚТЛ АРУЫ – 2014”

87

0

“ҚТЛ АРУЫ – 2014”Еліміздегі
қазақ-түрік лицейлері дарынды жастарға
тәлімді тәрбие мен сапалы білім бере отырып, олардың саламатты
өмір салтын ұстануы, ұлттық салт-дәстүр мен
әдет-ғұрыптарды бойларына сіңіре білуі жолында өлшеусіз еңбектеніп
келеді. Соның айғағындай,
«Қазақ қызы” мәдени-инабаттылық қыздар институты мен «КАТЕV” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласында қазақ-түрік оқу
орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында «ҚТЛ аруы” байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – қыздарды тәрбиелі
болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге баули отырып, дана халқымыздың ізгі
қасиеттері мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын бойларына сіңіру. Республикалық
сайыста лицейішілік сайыста жеңімпаз
атанған 32 қыз «Мен қазақтың қызымын”, «Халқын сүйген салтын сүйер”, «Өнерлінің
өрісі кең”, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам”, «Он саусағынан өнері тамған”,
«Зерделінің ойы озық” және «Қыз жат жұртқа жаратылған” тақырыптары бойынша сынға түсті. Жоғары деңгейде өткен бұл сайыстың жеңімпазы болып Қызылорда қаласындағы №10
дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Диана Әбдісадық танылды.

Диана
өзінің бұл байқауға
қатысудағы мақсаты қазақы салт-дәстүрді
тереңірек үйрену, мемлекеттік тілдің
дамуына үлес қосу екендігін айтады. Лицейішілік жарысқа, одан республикалық
сайысқа дайындалу барысында өзінің кітапты көп оқып шыққанын, үлкен кісілермен
көп әңгімелескенін алға тартады. Ол
өзінің осындай жақсы жетістікке жетуіне ұстазы Нағима Есбосын мен анасы Нұрила Омарованың үлкен үлес қосқанын
ризашылықпен жеткізді. Болашақта
режиссер болуды армандайтын ару лицейде үздік оқушы болумен қатар физика пәнінен олимпиадашы, қоғамдық жұмыстарға белсене
араласатын белсенді шәкірт.

«Қазақ-түрік лицей аруының” жеңімпазы
Диана Әбдісадық тәрбиелі, инабатты, мәдениетті, әсемдігімен қатар жан-жақты
білімді де жан. Биыл мектеп бітіретін
болғандықтан оның қазіргі мақсаты ҰБТ-дан жоғары балл алып, аймаққа қажетті мамандық
алуға ұмтылу болып отыр.

Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз