ТІЛ – ЕЛ ҰЙТҚЫСЫ

40

0

Жуырда Шиелі ауданында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Ел ұйтқысы» атты аудандық семинары болып өтті. Аталмыш жиынға қоғамның облыстық және аудандық ұйымдарының төрағалары, ауыл әкімдері, білім және мәдениет салысының қызметкерлерімен қатар бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. 
Семинар барысында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Шиелі аудандық филиалының төрағасы Қалдыбай Сүгірбай баяндама жасады. «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмысы азаматтардың намысын ояту, санасын өзгерту деп білеміз. Ол үшін барлық мінберді, барлық тәсілді, барлық тетікті пайдаланамыз, әсіресе, ақпарат құралдары арқылы тілге қатысты келеңсіздіктердің бет¬пердесін ашып, жария етуді бірінші кезекке қоямыз», деген баяндамашы Шиелі ауданында нақты кезеңде 61 бас¬тауыш ұйымының жұмыс жүргізіп отырғандығын еске салды. Олардың қатарында 3600 адам қымтылыпты. Дегенде, қаржылық әлеуеті жоғары өнеркәсіп орындары бұл іске құлықсыздық танытатын сыңайлы. 
Жарыссөзге шыққан аудандық білім бөлімінің әдіскері Әмина Тәжиева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Жақыпова, №41 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Валентина Музалева, «Демеу-Шиелі» ЖШС директоры Нәйла Палымбет өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ аталмыш жиын соңында «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат қорытынды сөз сөйлесе, қоғам жұмысына белсене қатысушыларға марапат, сыйлықтар берілді. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз