«Тіл – халық жанын танудың кілті»

118

0

Облыстың тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген орыс
жастарын анықтау және ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметті қалыптастыру, тіл
мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру
мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын
танудың кілті» атты облыстық байқауы
өтті.

Байқауға Арал, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандары
мен Қызылорда қаласынан 14-22 жас аралығындағы 11 талапкер қатысты.

Байқауға
қатысушыларды басқарма басшысы Ә.Жарылқағанов құттықтап, оларға сәттілік
тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша Қазалы ауданындағы
Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 10-сынып оқушысы Набира Баркова І орынды
жеңіп алса, Арал ауданындағы №81 орта мектептің 8-сынып оқушысы Надежда
Невзорова ІІ орынды, Сырдария ауданындағы Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицей
оқушысы Мария Лаврова ІІІ орынды иеленді.

Ал, Жаңақорған ауданындағы № 3 аграрлы-техникалық
колледжінің студенті Лидия Петова облыс орталығындағы көпсалалы «Ұлағат»
колледжінің студенті Вера Потапова және қаладағы №198 орта мектептің 10-сынып
оқушысы Максим Тихоненко ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және
бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық байқаудың жеңімпазы желтоқ­сан айында өтетін
республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.

Г.РЕЙМБЕРГЕН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз