ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МЕРЕЙІ

84

0

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік және тіл» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Елбасының Қазақ­стан хал­­­­­қы­на арнаған дәстүрлі Жол­­­­­дауларынан туындайтын мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатындағы шараға облыстық, аумақтық бас­­қармалар, департаменттер мен инспекциялар басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әлімжан Жарылқағанов жүргізді.

Басқосуда алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауының маңызы жайында айтып өтті, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бұдан бұрынғы Жолдауларында нақтыланған тіл туралы басымдықтарына тоқталды. Онан соң облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ләззат Есімованың «Тәуелсіздік және тіл» тақырыбындағы хабарламасы тыңдалды. Хабарламашы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алу тарихы, бүгінгі қолданылу аясы туралы кеңінен әңгімеледі.

– Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады.Оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Қазақ тілінің мәртебесін жүзеге асыруға елеулі ықпал еткен фактор оның мемлекеттік мәртебесінің ҚР 1993 жылғы қаңтарда қабылданған негізгі Заңы – Конституциясында нақтылануы болды. Онда Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды. Бұл бап 1995 жылы қабылданған жаңа Конституцияда да
қайталанды. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары алда тұрған басты
міндеттердің бірі мемлекеттік тілдің беделін көтеру болды. Оған бүкіл қоғам
тарапынан қамқорлық жасау алға тартылды,–дей келе Ләззат Есімова қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуы мен дамуы бағытында атқарылған жұмыстар жайында тарата айтты.

Сонымен бірге басқосуда мекемеде мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану
туралы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы
Ғанибек Отарбаевтың хабарламасы тыңдалды. Ол хабарламасында қылмыстық атқару
жүйесі мекемесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл саясатының
жүзеге асуы бағытында атқарылған
жұмыстар жөнінде баяндады.

Шара соңында басқарма басшысы Әлімжан
Жарылқағанов Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Ең үздік қазақ тілді мекеме»
облыстық байқауының жеңімпаздарын жариялап,
тілге жауапты мамандар мен тіл жанашырларын марапаттады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші
орынды Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті жеңіп
алса, екінші орынға Қызылорда облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы лайық деп танылды. Үшінші
орын Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментіне берілді.
Сонымен қатар, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық кәсіпкерлік және
туризм мен жастар саясаты мәселелері
басқармалары ынталандыру сыйлықтарын иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар
мен бағалы сыйлықтар табыс­талды. Оған қоса бірқатар азаматтар тіл жанашырлары
ретінде алғыс хаттармен марапатталды.

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз