ТІЛЕКТЕСТІК

114

0

«Сыр медиа» ЖШС бас директорының бұйры­ғымен белгілі жур­налист
Дүйсенбек Беркінбаев қа­лалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болып
тағайындалды. Ол осыған дейін облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының
орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

***

Ал облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары болып бұған дейін басылымның жауапты хатшысы
болған журналист Мұрат Жетпісбаев тағайындалды.

Әріптестерімізге жаңа қызметінде шығармашылық табыс тілейміз.

 

«Сырбойылықтар».