«ӨТІНІШ ЖАЗ ДА, ТАЛОН АЛ»

63

0

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен  өтініштердің қарау тәртібі ашықтығын қамтамасыз ету және оның барысында  сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Айқын» жобасы әзірленді. Ол үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап, Қызылорда облысы әкімдігі аппараты және  облыстық басқармалар  тікелей жүгінген әрбір жеке тұлғаларға және заңды тұлға өкілдеріне  бірегей нөмірлері бар талондар беру жүзеге асырылуда.
«Айқын» жобасының басты ерекшелігі азаматтар мен ұйымдар өз өтініштерінің қаралу қозғалысын Интернет арқылы бақылай алады.
Аталған жоба жеке және заңды тұлғалар өздерінің өтініштерін мемлекеттік органдармен нақты мерзімде қаралуын бақылауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, олар өтініш бойынша мәліметтерді, құжаттардың қозғалысы және қабылданған шешім туралы мәліметтермен қатар, өтініштердің қарау мерзімдерін бұзу фактілерін білуге болады. Бұл бағдарлама мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудағы қызметін прокуратура органдарымен тұрақты қадағалауға да оң ықпал етеді. Негізі талон екі бөліктен тұрады: өтінішті тіркеген субъектіде қалатын талонның түбіртегі және де арызданушыға берілетін жыртылмалы талон. Талондар түбіртектерінің түпнұсқалары ведомстволық бұйрықтармен анықталатын қатаң есептік құжат болып табылады. Талонның бірінші бөлігінде ерекше нөмір, өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы, қолы, арызды қабылдаған субъект қызметкерінің аты-жөні мен оны қабылдау күні, уақыты көрсетіліп, талон алушының қолы қойылады.
Өтінішті  мемлекеттік органға жеке апарып тапсырған уақытта өтініш беруші өтінішті қабылдап алған кеңсе қызметкерінен 18-санды  бірегей нөмір жазылған талон қабылдап алады. Осы талондағы бірегей нөмір бойынша  өтініштің қаралуы және нәтижесі туралы төмендегідей тәртіпте хабардар бола алады:
-8 800-080-7777 телефонына (тегін) қоңырау шалып (стационарлық телефоннан), 1414 телефонына (ұялы) қоңырау шалып, операторға талон нөмірін хабарлау;
– талон нөмірін 1012 телефонына SMS хабарламасы арқылы жолдау (байланыстың барлық операторларына 15 теңге);
– ҚР Бас прокуратурасының  құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің: http://servіce.pravstat.kz Сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарына өтініштер» бөлігін таңдап, талон нөмірін енгізу арқылы; 
Сұрау салу бойынша тиісті мәлімет берілмеген жағдайда, өтініш беруші ҚР Бас прокуратурасының Call – Орталығына 115 нөміріне хабарласуына болады.
А.НҰРМАХАНОВ,
ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыс бойынша басқармасының аға прокуроры. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз