ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІ БЕЙНЕКАМЕРАЛАР БАҚЫЛАУЫНДА

48

0

Облыстық
ішкі істер департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы
«Қылмыстарды ашу мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы
бейнекамералардың рөлі” тақырыбында өрбіді.

Басқосуда есеп берген жедел бас­қа­ру басқармасының
басты­ғы, по­ли­ция подполковнигі Ербол Құ­ты­баев бейнекамералардың қала кө­ше­леріндегі
көлік қозғалысын жедел ба­қылап, сараптама жасауға және қау­іп­­ті жағдайлардың
алдын алып, құ­қық бұзушылықтың ізін суытпай анық­тауға ықпал ететінін
жеткізді.

Жалпы бейнебақылау жүйесінің құ­қық қорғаушылар
жұмысының ти­ім­ділігін арттырып, қылмыстың же­дел ашылуына тигізер көмегі зор
еке­ні сөзсіз. Бүгінгі таңда облыс ор­та­лығында 216 бейнекамера бар бол­са,
олардың барлығы Қызылорда қа­ла­лық ішкі істер басқармасының же­дел басқару
орталығына қосылған. Ал көпқабатты үйлердің ауласына 96 бейнекамера орнатылған.
Осы қондырғылар көмегімен жыл басынан бері 126 қылмыс ашылып, 26068 құқық
бұзушылық анықталған.

Аталмыш қоғамдық кеңес төраға­сы, облыстық мәслихат
депутаты Нұр­мұ­рат Ерманов әкімдіктер мен мәс­лихат отырыстарында ішкі істер
ор­гандарының айыппұлдан түскен қа­ражатын қоғамдық қауіпсіздікті қам­тамасыз
ететін бейнекамералар алуға, сондай-ақ, ішкі істер органдарының ма­териалдық-техникалық
базасын ны­­ғайт­уға жұмсау мәселесін көте­ріп, көшелерді бы­лай қойғанда, меке­ме­лердегі
бейне­каме­ра­лардың да өз тиімділігін көрсетіп отыр­ғанын ортаға салды.

Департамент бастығының орынба­сары, полиция полковнигі
Әмірбек Шай­мағанбетов бейнебақылау жүйе­сі­нің қоғамдық сананың жақсаруына да
ықпалы мол екенін атап өтті.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз