ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛАДЫ

61

0

Облыста «Қыс-2014” республи­калық командалық штабтық оқу-жаттығу іс-шарасы өткізіледі. Бұл жөнінде сейсенбі күні облыстық коммуникациялар орталығында журналистермен жүздескен облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, подполковник Саид Молдақараев жан-жақты түрде айтып берді.

Басқарма басшысының ай­туы­на қарағанда, оқу-жаттығудың мақсаты қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезін­де іс-қимылдарға азаматтық мем­ле­кеттік жүйесінің басқару орган­дары мен күштерді даярлау көзделген. Сондай-ақ, онда ха­лықтың төтенше жағдайларға әзір­лігі мен қабілет деңгейі де назар­дан тыс қалмайды. Сонымен қатар көлік магистральдары мен маңызды нысандар бұзылған жағ­дайда орталық және жергілікті ат­қа­рушы органдардың өздеріне ба­ғы­нысты күштерді басқару бойын­­ша жұмысындағы үйлесімділік жетіл­діріледі. Жалпы, қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою үшін құрылған азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының санын, құрамын, белгілі бір мақсатқа сай болуы және іс-қимылдарға әзірлігі, сондай-ақ, материалдық-техникалық ресурстары қорларын, энергиямен жабдықтаудың резерв көздерінің және олардың жай-күйін тексеру жоспарлануда. Негізі оқу-жаттығу кезінде қыс айларында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін хабарлау және байланыс, энергиямен, газбен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және көліктік коммуникация жүйелерінің дайын­дығын тексеруге де ерекше көңіл бөлінбекші.

Айғали ҚАРАБАЛАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз