ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

43

0

Шығармашылық үйінде
ор­на­ласқан коммуникациялар ор­талығында Қызылорда облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті дирек­то­­ры­­ның орынбасары Мэлс Жұбатқанов,
«Тұты­ну­шы­лардың құқықтарын қор­ғау” қоғамдық бірлестігінің пре­зиденті Серік
Теңізбаев, «Қы­зылорда кәсіпкерлер ас­со­циациясы” қоғамдық бірлес­тігінің
атқарушы директоры Кла­ра Жанғабылова және
«Кә­сіпкер” ассоциациясы қоғам­дық бірлестігінің төрағасы Сұл­тан Әшімов
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап бас­пасөз мәслихатын өткізді.

 

Онда қатысушылар
тұтыну­шы­лардың құқығын қорғаудағы мемлекетіміздің ұстанып отыр­ған саясаты,
енгізілетін өзге­рістер мен осы бағытта қолға алынып жатқан шаралар туралы
әңгімеледі.

Мемлекет
басшысының 2013 жылғы қарашадағы Жар­лы­ғына сәйкес ҚР Тұтыну­шы­лардың
құқықтарын қор­­ғау агенттігі құрылып, бір­неше міндеттердің жүк­тел­гені
белгілі. Атап айтқан­да, тұтынушылардың құқықта­рын қорғау, санитарлық-эпиде­мио­ло­гиялық
салауаттылық және тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету. Мэлс
Жұбатқановтың айтуынша, осы міндеттерді жүзеге асыру мақ­­сатында негізгі алты
ба­ғыт айқындалған. Соның бірі – тұтынушылардың құқық­та­рын қорғау жөніндегі
жа­ңа жүйенің дайындалуы. Оған қоса, тұтынушылардың білі­мін жетілдіру
мақсатында мектеп­терде, орта және жоғарғы оқу орындарында міндетті курс­тар
енгізілмекші екен. Сон­дай-ақ, мамандардың мәлім­деу­інше, жеке кәсіпкерлерге
бері­летін рұқсат құжаттарының түрлерін азайту, өнімдер мен қыз­меттердің
қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін талаптарды мей­лінше қысқарта оты­рып,
оңтайландырылған сани­тар­лық ережелерді бекіту қол­ға алынбақшы және тұты­ну­­шылардың
сұрақтарына же­­дел түрде жауап беру мақ­­сатында әрі агенттік жұ­мысын тиімді
жүргізу, тұты­нушыларға қолжетімді болу үшін «Тұтынушылардың құ­қық­тарын
қорғау жөніндегі” ақ­­параттық-коммуникациялық жүйе іске қосылады деп кү­тілуде.

Агенттік
жұмысының бір парасы жоғарыда айтып өтке­німіздей, санитарлық-эпи­­де­миологиялық
салауат­ты­лық­ты сақтау екені белгілі. Осы орайда облыс көлемінде ағым­дағы
жылдың төрт айында тұрғындар арасында құрөзек, сіріспе, көкжөтел, сал, іш сү­зегі,
қылау және қызамық ау­рулары тіркелмеген. Өткен жыл­дың осы мерзімімен са­лыс­тырғанда
бактериалдық ди­зентерия ауруы – 5 жағдайға, ви­русты гепатиттер тобы, са­льмонеллез
жұқпасы – 1, ро­тавирусты энтериттер – 23,8 пай­ызға төмендеген. Керісінше,
жұқпалы жедел ішек аурулар то­бы – 1,7 есеге, тамақтан ула­ну жағдайлары – 1,6
есеге, қы­зылша 9 жағдайға артып отыр. Туберкулез ауруының 249 жағдайы
тіркеліп, өткен жыл­дың осы мерзімімен са­лыстырғанда 13,7 пайызға, өлім-жітім
көрсеткіші 1,6 есе­ге төмендеген. Алайда, ма­мандар туберкулез инфек­циясы 14
жасқа дейінгі бала­лар арасында 3,2 есеге, жас­өспірімдер арасында 11,9 пай­ызға
жоғарылап, эпиде­мио­логиялық ахуалдың тұрақ­сызданып отырғанын жасыр­мады. Конго-Қырым гемор­ра­гиялық қызбасы мен
құтырма ауруы тіркелмеген.

Жеке тұлғалардың
өтініш­теріне, прокуратура орган­да­ры­ның сұраныстарына сәй­кес санитарлық
химия­лық көр­сеткіштерге орталықтан­ды­рыл­­ған ауыз су нысандарынан 192
сынама алынып, оның 17-сі санитарлық талаптарға сай келмеген. Бұл 8,8 пайызды
көр­сетуде. Бактериологиялық көрсеткіштерге 242 тағам үл­гісі алынып, оның
10-ы, яғ­ни, 4,1 пайызы талапқа сай болмаған. Сондай-ақ, бас­қо­су­да мамандар
облыс көле­мін­де соттың шешімімен жұ­мы­сы тоқтатылған бірнеше базарлардың әлі
де болса заңсыз жұмыс істеп жатқанын айтты. Оған қоса, стихиялы түрде жұ­мыс
жасайтын базарлардың да бар екенін тілге тиек етті. Өкі­нішке орай, ол
базарларды жауып, жұмысын тоқтатуға тиісті мекеме қауқарсыз болып отыр.

Айнұр БАТТАЛОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз