ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

54

0

Жақында «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын
қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық ішкі саясат
басқармасының мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысы негізінде «Мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу» жобасы аясында
«Мемлекеттік мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтердің құқықтық негіздері»
тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың басты мақсаты – қызмет алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін жүзеге асыруға және тиісті
материалдық, немесе материалдық емес
игіліктерді беру.

«Қызылорда облыстық
тұтынушылардың құқын қорғау қоғамы»
қоғамдық бірлестігіне азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасының
төмендігі туралы көптеген шағымдар түседі. Сондай-ақ, БАҚ құралдарында да
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің созылуы жөнінде айтылып та
жатады. Қызмет алушылар өкілетті органдардан уақытылы және сапалы қызмет аламын
деген ниетте. Алайда, іс жүзінде өкілетті органдар тарапынан қызмет алушылардың
құжаттарын негізсіз қайтару, мерзімдерін созу нәтижесінде олардың заңмен
белгіленген құқықтары мен мүдделері бұзылуда.

Семинарға қалалық тұрғындарды жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Қызылорда облысы бойынша зейнетақы төлеу
мемлекеттік орталықтың және ХҚКО РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдері қатысып, мемлекеттік
қызмет алушылардың өтініштері бойынша биылғы жылдың 6 айында жүргізілген
мониторинг нәтижелері талқыланды. Мониторингтің қорытындыларын талдағанда іс
жүзінде мемлекеттік қызметті алу кезінде азаматтардың құқықтарының бұзылу
жағдайлары кездесетіні анықталды.

Жылдың басынан «Бала тууға
және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
бойынша ХҚКО-на 359 қызмет алушылар өтініш жазған, оның 88-і кейін қайтарылған.

ЗТМО басшысының орынбасары
Гүлсім Денеева мен ХҚКО РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары Айнаш Нұрманова аталған мәселені
талқылап, өзара тығыз қызметтестіктің
қажет екені және сұраулар мен өтініштерге
уақытылы жауап қайтару керек деген тұжырымдамаға келді. Өйткені, стандарт бойынша бұл мемлекеттік қызмет
көрсету бойынша мекемелердің жұмысы
өзара байланысты. Сонымен бірге осы бір толғақты мәселені шешу үшін тәжірибе алмасулар жүргізу,
сондай-ақ, мерзімді семинарлар өткізу
және мамандарды оқыту қажет-ақ.

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз