ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТЫ БАЙЛЫҚ

45

0

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
орай «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында жоғары және арнаулы оқу
орындарының студенттері мен мектеп оқушыларына дәріс сабақтарын өткізу және кездесулер
ұйымдастыру жоспарланған болатын. Осыған орай облыстық ҚХА хатшылығы және «Қоғамдық
келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылармен кездесу
өтті. Шараның басты мақсаты – жастар арасында тәуелсіздіктің 25 жылдық тарихында
еліміздің экономикалық, әлеуметтік даму жетістіктерін, Елбасымыздың Қазақстан халқына жариялаған «100 нақты қадам» 5 институционалды
реформасынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді түсіндіру, «Ұлт жоспары – қазақстандық
арманға бастайтын жол» атты мақаласын, «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасын
кеңінен насихаттау.

Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-ның
директоры Уәлихан Ибраев, Қазақстан саясаттанушылар конгресі облыстық филиалының
директоры Нұрхан Жәлиев және облыстық өзбек этномәдени орталығының жетекшісі А.Хамидов
оқушыларға дәріс сабақтарын өткізді.

Шара барысында оқушылардың ынтасы
мен қызығушылығы, болашақ ұрпақтың Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы саясатын
қолдап қана қоймай, ел болашағының жарқын болуына үлес қосатындығын айқындады. Қонақтар оқушылардың бірқатар сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

 

Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз