ТӘУЕЛСІЗДІКТІ АРҚАУ ЕТКЕН ШАРА

46

0

Облыстық
«Ұрпақтан ұр­пақ­қа” қоғамдық бірлестігінің ұйым­дастыруымен «Бақытымыз да, байлығымыз
да – Тәуелсіздік” тақыры­бында патриоттық форум өтті.

М.Ықсанов
атындағы №9 поли­техникалық колледжде өткен форумға бірлестік төрайымы Алмагүл Божанова,
комсомол, партия ардагері Амангелді Құдайбергенов, еңбек ардагері Мәлика Ибадуллаева
қатысып, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерге тоқталды.

– Тәуелсіздіктің
25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Ширек
ғасыр мемлекет үшін көп уақыт емес. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан аяғына нық тұрды,
әлемге танылды. Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында, Елбасының көрегенділігі
мен халықтың оған деген сенімінің арқасында жетістіктерге қол жеткіздік. Тәуелсіздікке
үлес қосқан, саналы ғұмырының жалынды шағын елге арнаған халықтың қалаулы ұлдарының
ішінде Мұстахым Біләлұлы Ықсанов та бар. Осындай кісілердің жақсылығын асырып, аруағына
риза ету бізге міндет, – деді А.Божанова.

Тағылымды
шара колледж студенттерінің патриоттық ән кешімен қорытындыланды.

М.СНАДИН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз