ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЫ

87

0

Жуырда облыстық кәсіпкерлік
және туризм басқармасының ұйымдастыруымен экскурсия жетекшілері мен мұражай
қызметкерлеріне арналған семинар-практикум өтті.

Ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты – ішкі және
сыртқы туризмді дамыту және туристік қызмет көрсетуді ұсыну. Сондай-ақ, сапалы,
бәсекеге қабілетті туристік өнімді ұсыну.

Шара барысында туризм саласында жұмыс жасап жатқан
гид-аудармашылар мен экскурсия жетекшілері біліктілік деңгейін жоғарылатып қана
қоймай, өңірдегі экскурсиялық ақпаратты және туристік нысандарды ұйымдастыру мен таныстыру бойынша
біліктіліктерін арттырды.

Алдағы жылы өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық маман­дандырылған
көрмесіне ағылатын қонақтарды аймағымызда қабылдау үшін мұражай қызметкерлері
мен ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру – бүгінгі күнгі өзекті
мәселенің бірі. Осыған орай, жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында
ұйымдастырылған шара Қызылорда қаласы және облыс төңірегіндегі тарихи-мәдени
потенциалын экскурсия бағытын жүзеге асыру мен қамтамасыз етуді де міндеттейді.

Семинар бағдарламасында қамтылған экскурсиялық қызметтің
нормативті-құқықтық және экономикалық қамтамасыз етілуін жетілдіру, жас
мамандарды дайындаудың болашағы және оның өзекті мәселелері, материалдық және
рухани мәдениетті сақтаудағы экскурсия жетекшілерінің рөлі, инновациялық
технологияларды енгізу, тұрғындардың эстетикалық тәрбиесіне көңіл бөлу,
халықаралық және аумақтық кәсіби қарым-қатынасты дамыту сияқты өзекті мәселелер
сөз болды.

Семинар-практикумға облыстағы барлық мұражай қызметкер­лері,
аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығы, Қорқыт ата атындағы университетінің
археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері мен
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенттері қатысты.

Нұрбек САҒАДАТ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз