ТУРИЗМ КҮНІНДЕГІ БАЙҚАУ

72

0

ТУРИЗМ КҮНІНДЕГІ БАЙҚАУЖуырда облыстық кәсіпкерлік және туризм
басқармасының бастамасымен Сыр жағасының Иіркөл иінінде Бүкіләлемдік туризм
күніне арналған Туристік фестивальдің түңлігі ашылды. Фестивальға облыс бойынша
студенттер мен мектеп оқушыларынан жасақталған 7 команда қатысты.

Бұқаралық туристік жұмыстарды
жандандыру мақсатында, туризм тәсілдері арқылы салауатты өмір салты
ұстанымдарын қалыптастыру, облыстың ең мықты командасын анықтау үшін өткізілді.

Жарыс бағдарламасында команданы таныстыру, кедергілі алқап, үздік
туристік ән, плакаттар, шатыр құру және от жағу сайыстары қамтылды.

Өнер көрсеткен командалар
арасында 1 орынды Абылайхан кол­леджі алса, 2 орын Назарбаев арасында мектебіне
тиді, ал 3 орын үшін Педагогика колледжі өрендері өрге озды. Сонымен қатар,
топты таныстыру, үздік туристік ән, плакаттар, шатыр құру және от жағу сайыстарында
жекелеген оқушылар жүлдеге ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған
командалар облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының дипломдары мен бағалы
сыйлықтарына ие болды.

Нұрбек Сағатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз