Тұңғыш әлеуметтік спорт алаңқайы ашылды

88

0

Тұңғыш әлеуметтік спорт алаңқайы ашылдыӨткен аптаның сенбісінде ұйым­дастырылған Қала күні қарсаңында Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион алаңында әлеуметтік спорт алаңқайы ашылды. Бұл спорт алаңы паркур, воркаутер, скейтбординг сынды спорттың түрлеріне қызығушылығы бар жастарды қолдау мақсатында салынып отыр.

Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев жастарды жаңа спорт алаңқайымен құттықтап, мемлекет тарапынан аймақ жастарының спортпен шұғылдануына барынша қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Әлем және екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин өңірімізде осындай өркенді өзгерістердің болып жатқанына ризашылық білдіріп, жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорданың белсенді жастары облыс әкіміне көше спортына арналған алаңқай салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Бұл игілікті іс сол жастардың ұсыныс-пікірлерінің ескерусіз қалмағанын көрсетеді. Осыдан кейін шараға қатысушылар паркур, стрит-варкаут, BMX, MTB қозғалысы мүшелерінің көріністерін тамашалады.

Әділжан ҮМБЕТ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз