ТЖД “КРЕЩЕНИЕ” МЕРЕКЕСІНДЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ДАЙЫН

54

0

ТЖД “КРЕЩЕНИЕ” МЕРЕКЕСІНДЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ДАЙЫНЕртең Православие шіркеуі Крещение мерекесін атап өтеді. Дәстүрге сай бұл күндері күнәдан арылу үшін суға түсушілердің қатары көп болады. Осыған орай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін суда құтқару қызметі әзірлікке кірісіп кетті.
Жыл сайын өтетін Православие шіркеуінің «Крещение Господне» мейрамында  мұз астындағы суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан емдеу мекемелерінде зардап шеккендер туралы фактілер тіркелгені мәлім. 
Аталған жағдайларды болдырмау үшін судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында православ шіркеуінің ұстаушысы Виталийге хат жолданды. Хатта Сырдария өзенінің қауіпсіз жеріндегі мұздағы ойындыны суға тусушілердің пайдалана алатыны айтылды. Шіркеу ұстаушы да күнәдан арылғысы келетін пенделердің өзен-көлдердің кез келген жеріне барып шомылуды қолдамайтынын атап өтті. 
Қаңтардың қақ ортасына келіп тұрған діни мерекеде ауа температурасы әсте жылы бола қоймас. Сондықтан мамандар тиісті сақтық шараларын жасап, 5 адамы бар 2 жедел топ пен 1 техниканы дайындап қоймақ. Және де жүрек, өкпе ауруларымен сырқаттанған адамдардың суға шомылмағаны жөн дейді мамандар. 
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз